Халықаралық жастар форумы өтті

318A9001Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи университетінде «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» атты жастар форумы өткізілді.

Форумның ашылуында алғаш сөз сөйлеп ашқан Ұйымдастыру және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бақытжан Мұхамеджанов, одан соң Даму және қаржыландыр жөнінде проректор Мұстафа Эрен, Қоғамдық ақпарат департаменті директоры Властимил Самек сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі. Шара барысында университет басшылары құрметті қонаққа алғысын білдіріп, Властимил Самекке шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
Университет президенті, профессор Уәлихан Әбдібеков өз қабылдауында болған құрметті қонаққа сый-сыяпат бер­ді. ХКТУ студенттік кеңесінің төра­­ғасы Диас Берікпаев «Ахмет Яса­уи университеті: терең тарихтан жар­­қын болашаққа!» атты баяндама жасады.
Сондай-ақ Қазақстанның біршама ЖОО-нан, мектептерден 70-ке жуық жастар қатысты. Шымкент қаласының «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Мирас» университеті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Кентау қаласының «Дарын» мектебінің өкілдері, Қазақстандағы халықаралық жастар ұйымдарының көшбасшылары келді. «Global Shapers Community — Қазақстан», «AIESEC Kazakhstan», «Y-PEER Kazakhstan» секілді Қазақстандағы халықаралық жастар ұйымдарының лидерлері форум спикерлері ретінде қатысты.
Жастар форумда әртүрлі елдерден, университеттерден келген студенттер мәдени, ғылыми байланыс, және пікірталас, келіссөздер жасау секілді дипломатиялық тәжірибе алмасуға мүмкіндік тумақ.
Форум жоғары деңгейде өтті. Шарада қатысушы студенттердің пікірін білген едік.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақ­­­стан мемлекеттік университе­ті­нің студенті, Ақмаржан Тіленшиева: – Қожа Ахмет Яссауи атындағы ха­лық­аралық қазақ-түрік университеті жастарының ұйымдастыруымен, «Көшбас­шылық дағдыларды дамыту» атты жастар форумына келіп, қатысқаныма өте қуаныштымын. Жалпы айтқанда, форум жоғары деңгейде және қызықты өтті. Бұл форуымды ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, – деді.
Шымкент қаласындағы Мирас универ­­ситетінің студенті, Арай Темірғалиева: – Форумның аты айтып тұрғандай, жастарды көшбасшылық қасиеттерді дамытуға дайындау. Форумнан үйренетініміз өте көп. Шараға Алматыдан келген арнайы қонақтармен танысып, студенттермен білім деңгейімізді салыстырып, әр оқу орыннан келген қатысушылармен тәжірибе алмасуға болады. Бұл форумда әлемдік мәселелерде қозғалды. Осы форум арқылы өзімнің қабілетімді арттырамын деп ойлаймын, –деді.
ХКТУ студенттік кеңесінің төрағасы Диас Берікпаев: – Форуымның ұйымдастырудағы мақсатымыз – жастардың қабілетін арттыру, адамдармен қарым-қатынас орната білу және өзін-өзі бағалау, көпшілік алдында сөйлеу және де сөйлеу қабілеттігін жітілдіру. Сонымен қатар форумға БҰҰ-ның өкілдігі Қоғамдық ақпарат департтаменті директоры Властимил Самек мырзаны шақырған едік. Ол кісінің Халықаралық қатынастар клубына көптеген көмегі тиді. Сондай-ақ Шымкент, Астана, Алматы қалала­ры­нан арнайы қонақтар келді. Әрі форум спикерлері ретінде «Global Shapers Community – Қазақстан», «AIESEC Kazakhstan», «Y-PEER Kazakhstan» секілді Қазақстандағы халықаралық жастар ұйымдарының лидерлері қатысты. Менің ойымша, олардың студенттерге айтар ойы, тигізер септігі мол, – деді.

Жадыра ҚОЖАХМЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *