қазақстан елшісі сенім грамотасын тапсырды

1527743638_article_b_1500_Лиссабонда Қазақстанның Франциядағы Елшісі және Португалиядағы Елші қызметін қоса атқарушы Жан Ғалиев Португалия Республикасының Президенті Марселу Ребелу ди Созаға сенім грамоталарын тапсырды,деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Салтанатты рәсімнен кейін болған екіжақты кездесуде саяси диалог, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, IT-индустрия, цифрландыру, жасыл технологиялар және туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды. Елші Португалия басшысын еліміздегі жаңғырту бағдарламалары аясында болып жатқан ауқымды экономикалық және саяси реформалармен және Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының басты бағыттарымен таныстырды. Өз кезегінде Президент Марселу Ребелу ди Соза Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілік етуімен елдің қарқынды дамуына жоғары баға беріп, алдағы Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ, Португалия басшысы елдегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда табыстар тіледі және Португалияның Қазақстанмен екі жақты ынтымақтастықты жандандыруға талпынысын атап өтті. Осыған байланысты ол алдағы уақытта Лиссабонда қазақстан-португал инвестициялық форумын өткізуге қызығушылық танытты.
Сапар аясында Ж.Ғалиев Португалия Сыртқы істер министрлігінде Бас хатшы Альваро Мендонсо и Морамен, Бас саяси директор Педро Коста Перейрамен, Протокол жетекшісі Клара Нунес душ Сантушпен, Еуропа істері департаментының директоры Антонио Сабидо Коста және халықаралық ұйымдар департаменты директоры Вера Авиламен бөлек кездесулер өткізді. Тараптар 29 наурызда Астана қаласында өткізілген Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың сәтті өтуін атап өтіп, екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және нақты жобаларға көшу жөніндегі алдағы міндеттемелерді растады.
Кездесулерде екі ел арасындағы қарым-қатынастың құқықтық базасын құрайтын негізгі құжаттарды қарастыру барысы мен қол қою мүмкіндігі талқыға салынды, олардың арасында экономикалық, сауда және техникалық ынтымақтастық жөнінде, екіжақты салық салуды алдын-алу, құқықтық қолдау және туризм жөніндегі келісімдер бар. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Португалия тарапы Астананың Еуропалық Одақпен және Еуропа Кеңесімен ынтымақтасу жөніндегі күш-жігерін, ЕҚЫҰ мен БҰҰ аясындағы белсенді жұмысын атап өтті. Қазақстандық дипломат 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін Португалияға алғысын білдірді. Келіссөздер тақырыптарының бірі ҚР азаматтарына визалық режимді жеңілдету мәселесі болды. Елші осы мәселе бойынша португалдық тарапты Шенген аумағы елдерімен көпжақты және екіжақты келіссөздер барысында қолғабыс көрсетуге шақырды.
Португалияға сапар аясында Қазақстан Елшісі Португалия Ассамблеясының депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы Президенті Жозе Соарешпен кездесті. Тараптар қазақстан-португал қатынасын нығайтудағы парламенттік дипломатияның және екі мемлекеттің заңнамалық органдары арасындағы ынтымақтастықтың маңызды рөлін атап өтті. Ж.Соареш Астананың халықаралық бейбітшілік бастамаларына қолдау білдіріп, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және демократиялық реформаларына оң бағасын берді.

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *