АТА ЗАҢ – АЛАШ МҰРАТЫ

f783671eecb4e720cf417db92cdca2eb_resize_w_520_h_

Әр елдің тәуелсіздігін бекітетін, ішкі және сыртқы саясатына кепілдік беретін т(лқұжатының болуы заңды. Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 27 жыл толатын болса, (з Конституциямыздың қолданысқа енгеніне 23 жыл толып отыр. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында алғашқы Ата Заң қабылданған болатын. Конституцияның алғашқы нұсқасы жаңарып, 98 баптың 55-іне елеулі (згерістер мен толықтырулар жасалып, бұрын болмаған жаңа б(лімдер, баптар пайда болған.Конституция – тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынды. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция Қазақстан Республикасының негізгі Заңы болып бекітілді. Осы жылғы Конституцияның жобасын талқылауға 3 млн 345 отандасымыз атсалысқан екен. Бұл сайлаушылардың 90,6 пайызын құраса, оның 89,14 пайызы жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған. Негізгі заңымызды әзірлеуге Президенттің (зі тікелей атсалысып, білікті заңгерлер мен шетелдік мамандар қатысты. Қазіргі Ата Заңымыздың темірқазығы, кешегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысының» заңды мұрагері іспетті. Бұл қастерлі құжат туралы Елбасымыз «Біздің Конституциямыз – бұл Қазақстан халқының (з қалауы. Бағалауға және құрметтеуге тұрарлық таңдау. Конституция бойынша (мір сүру – бұл барлығымыз игеруге қажетті демократияның жоғары мектебі» деген болатын. Бүгінгі заман талабы, жаһандық даму үрдісі құқықтық құжаттарға да елеулі әсерін тигізіп жатыр. Соңғы кездері құқықбұзушылықтың түрі к»бейіп, қылмыскерлердің айла-амалы түрленді. Батыстың ықпалынан ұ л т т ы қ т ә р б и е н і ң , о т б а с ы л ы қ құндылықтардың әлсіреп жатқаны жасырын емес. Осындай кезде мемлекеттік биліктің жұмысын ғана емес, адамдардың санасына әсер ететіндей заңдарға да «згеріс енгізу қажеттілігі туындап отыр. Конституцияға соңғы жылдары енгізілген «згерістердің түпкі себебі осында. Мысалы, 1998 жылы қолға алынған «згертулерге байланысты еліміздің сот жүйесінде істерді қарау алқа билердің қатысуымен жүзеге асырылатыны нақтыланды. 2007 жылы енгізілген «згертулерге орай Парламенттің «кілеттігі кеңейтіліп, депутаттар саны к»бейді. Мәжіліс тараған жағдайда заң шығару қызметін Сенаттың атқаратыны реттелді. Ал кейінгі «згерістерге байланысты сот кадрларын іріктеп алу Жоғарғы Сот кеңесінің құзырына беріліп, тұтқындауға санкция беру Прокуратурадан алынып, Соттың құзырына «тті. Осы уақытқа дейін орын алған «згерістер туралы Елбасымыз «Біздің алдымызда билік тармақтарының «кілеттіктерін қайта б»лу міндеті тұр. Қазір заманның дидары «згерді. Біз де «згеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттік басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді» деген болатын. Конституция елдегі бүкіл заңдардың, кодекстер мен нормативтік актілердің атасы деп бағаланады. Осыдан 23 жыл бұрын қолданыстағы Ата Заңымыз 30 тамызда бекітілгендіктен, бұл күн Конституция күні деп жарияланды. Содан бері бұл күн әр жыл сайын елеусіз қалмаған. Осы орайда Алматы қалалық соты мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп, «Конституциялық құндылықтар, Қазақстанның заңнамасы және құқықтық қолдану тәжірибесінде оларды жүзеге асыру жолдары» (ІІ-ші Тамыз оқулары) атты жыл сайынғы д»ңгелек үстел «ткізді. Жиынға қалалық соттың т»рағасы, аудандық соттар мен прокурорлар, Жоғары оқу орындарының басшылары мен заң факультеттерінің декандары қатысып, ойларын ортаға салды. Д»ңгелек үстелде талқыланған т»рт бұрышты заңдар т»ңірегіндегі мәселелерді ықшамдап назарларыңызға ұсынамыз. Жанат БЕКЖАНОВ, Бостандық аудандық сотының трағасы: – Дүниежүзіндегі кез келген мемлекет «зінің алғашқы қадамын тәуелсіздігін жариялаумен қатар, Ата Заңы Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл – сол мемлекетті құрушы ұлттың ғасырлардан бері жинақталған «зіне тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының «зегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгісі. Біздің қазіргі қолданыстағы Ата Заңымыздың ең басты ерекшелігі – мемлекеттік басқару жүйесін толық бір жүйе ретінде қарастыруында. Яғни заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін «з алдына б»лек орган ретінде емес, тұтас құрылымдық жүйе қылып қалыптастырып, олардың міндеттері мен жауапкершілігін белгілеп беруімен бұл Конституцияның маңыздылығы мен құны артты. Қазіргі Конституциямыздың басты құндылығы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп жариялауымен қатар, оның бастауы халық екенін айқындауы. Оның бірден бір дәлелі – Конституциямыздың алғашқы бабының «Қазақстан Республикасы «зін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның «мірі, құқықтары мен бостандықтары» деген с»здерден басталуы. Тоғыз б»лімнен тұратын Конститу ция мыздың «Адам және адамзат» деп аталатын 2-б»лімінде елдің басты қазынасы, байлығы адам және оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған. Бүгінгі күні екінің бірі Конституцияның атын білгенімен, оның затын, яғни осы Конституцияда әрбір бабымен тасқа таңба басқандай жазылған «з құқықтарын толық біле бермейді. &з құқығын толық білмеу – тұлғаның құқығын «згелердің бұзуына әкеп соғады. Мұндай олқылықтардың бол ма уы үшін Конституцияның не екендігін, ондағы құқық нормаларын қоғамымыздың әрбір мүшесіне, әсіресе жас ұрпақтың санасына сіңіру қажет. Мұрат ТЛЕУБЕРДИЕВ, уезов ауданының прокуроры: – Бәріміз білетіндей, бұл Конституция Қазақстан тарихындағы бірінші құжат емес. Бұған дейінгі құжаттардың барлығы да «з дәуірінің тамырын дәл басуға, құқықтық еркіндіктің, бейбітшіліктің кепілі болуға лайықталып дайындалды.Ендеше, біз бүгін тұғыр етіп отырған Ата Заңның алдыңғы заңдардан ерекшелігі немесе артықшылығы неде? Ең алғашқы артықшылығы ретінде қ ұ ж а т т ы ң х а л ы қ п е н б и л і к т і ң бірлігінде дайындалуын, азаматтар үнінің ескерілгенін ерекше атап «туге болады. Мұны мемлекеттегі әр адамның құқығы тең екенін, пікірі назардан тыс қалмайтынын ұғындыратын тетік деп бағалаған орынды. Е к і н ш і д е н , К о н с т и т у ц и я д а мемлекеттің үш тағасы ретінде заң шығарушы, атқарушы, сот билігі жеке белгіленіп, олардың құзіреті, жұмыс істеу тетігі, «зара әрекеті заң тұрғысынан айқындап к»рсетілді. Үшіншіден, құжатта құқық пен жауапкершілік ұғымына теңдей әлеует беріліп, азаматтардың құқығы қалай қорғалса, жауапкершіліктен қашпауы да сондай басымдықпен зерделенген. Конституциялық реформаларға сәйкес, «Прокуратура туралы» Заң қабылданған. Бұл заңда бұған дейін ешбір құжатта дәйектелмеген, прокуратураның жоғары қадағалаушы о р г а н р е т і н д е г і м і н д е т т е р і айқындалған. Яғни прокуратура енді жай орган емес, конституциялық мәртебесі бар құрылым. Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде прокуратура органы құқықтық реформалардың жүзеге асуына ынталы. Қазіргі кезде заңдарды ізгілендіру, құқықбұзушыларға жаза тағайындалғанда балама жазаларды қолдану бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі – әлемнің дамыған отыз елінің қ а т а р ы н а қ о с ы л ғ а л ы о т ы р ғ а н Қазақстан үшін маңызды талаптың бірі. Заңды ізгілендірудегі мемлекеттің негізгі мақсаты қателескен азаматтарды қолтығынан демеу, қатарға қосу. &йткені біздің Конституциямыздың «зі «мемлекеттің ең басты байлығы – адам» дейді. Талғат БАЛАШОВ, Қалалық адвокаттар алқасының трағасы: – Қолданыстағы Қылмыстық процестік кодекс бірқатар жаңалықтарға толы, олар «з кезегінде қылмыстық процесуалдық құқықтың жекелеген институттарын жетілдіруге ықпал етті. Соның бірі – сот сараптамасы институты. Қорғаушы тараптың сараптамалық зерттеуді «з бетінше тағайындау мүмкіндігі алғаш рет осы заңмен бекітіліп отыр. Яғни ҚР ҚПК 23-бабында айтылған «Сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негізінде жүзеге асыру қағидасы» нақты жүзеге асырылатын болды. Қылмыстық процеске қатысатын тараптар тең құқылы, сол себепті оларға «з ұстанымын қорғауға бірдей мүмкіндіктер беріліп отыр. Бұл туралы Халықаралық нормаларда да айтылған, мысалы 1966 ж ы л д ы ң 1 6 ж е л т о қ с а н ы н д а ғ ы Азаматтық және саяси құқықтар ж»ніндегі Халықаралық Пактке сәйкес – қорғаушы тараптың сотқа дейінгі тергеуге қатысуға мүмкіндігі болу керек, сондай-ақ іске тіркелетін материалдарды жинауға атсалысуы тиіс деп к»рсетілген. Яғни қорғаушы тараптың «з тергеуін жүзеге асыра алатын мүмкіндігі болуы тиіс деген с»з. Тараптардың жарыспалылығы м е н т е ң қ ұ қ ы л ы ғ ы қ а ғ и д а с ы негізіндегі халықаралық практиканың к»ріністері ҚР ҚПК к»рініс тауып отыр, яғни адвокатқа қорғаушы ретінде ҚПК 70-бап, 3 б»лік, 2, 3, 5 тармақтарына сәйкес белгілі бір құқықтар беріп отыр. Құралай ҚАЛЕКЕЕВА, Алмалы аудандық сотының судьясы: – Бүгінде Қазақстан әлемдік саяси жүйеде «з орнын мықтап бекіткен, Орталық Азия аумағында мықты к»шбасшы, сенімді серіктеске айналды. Біздің жерімізде Саммиттер мен әлемдік деңгейдегі жоғары кездесулер «туде. Түрлі ұлттардың достығы мен бірлігін к»рсеткен елге айналдық. Еліміздің жетістігі, тарихи тәжірибе, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, экономикалық «су мен халықтың бірлігі біздің мемлекетімізді мойындатуға күш салды. Бүгінде Қазақстанды мемлекеттіліктің барлық белгілері бар егемен мемлекет ретінде айтуға толықтай құқығымыз бар. Негізгі заң заңның үстемдігі қағидасын, адамның «мірі, құқықтары мен бостандығының ең жоғары құндылығы ретінде, заң мен сот алдындағы теңдікті абсолютті және ажырағысыз деп таниды. Конституцияны абстракциялық құқықтық құжат деп қана түсінуге болмайды. Тиімді Конституция – мемлекет пен қоғам дамуының дұрыстығының к»рсеткіші болып табылатын заң және барлық құқық қолдану практикасы. Сондықтан оны жүзеге асыру «те маңызды, тек құқықтар мен бостандықтар кешені ғана емес, сондай-ақ к»зделген институттар да маңызды. Бүгінгі ойымды мемлекет басшысы Н./.Назарбаевтың «Конституция мәселесі азшылықтың немесе к»пшіліктің мәселесі емес. Бұл – ұлттың болашағы туралы мәселе» деген с»зімен қорытындылаймын. Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі: – Халқымыз «здерінің тарихи таңдауын жасап, оларды реформалауға және елімізді дамытуға, болашағын жасауға, жұмысты одан әрі жалғастыруға талпынды. ҚР қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасының конституциялық жүйесінің негізі болып табылатын адам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың негізгі құндылықтарының бірі ретінде адамның, оның құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын гуманизм қағидасын бекітті. Құжаттың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін құру. /рине, құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктері мәселесі бірінші кезекте тұр. Біз жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін құқықтық қорғауға үлкен назар аударуға шақырылған құқықтық мемлекет екенімізді түсінуіміз керек. Еліміз Қазақстан Республикасының Конституциясында заңды мемлекет ретiнде жарияланған миссиясын жүзеге асыруға мiндеттi. Роза 0МІРТАЙ, НАРХОЗ университетінің доценті: – М е н і ң е р і к с і з н а з а р ы м д ы аударған бір мәселе – ол республика заңдарының орыс және қазақ тілдегі мәтіндеріндегі заңи терминдерді қолданудағы мазмұндық алшақтық мәселесі, яғни заңи терминдер орыс тілдегі мәтінде дұрыс қолданылған да, ал қазақ тілдегі мәтінде қате терминдер қолданылған. Нақты мысал келтіретін болсақ, «Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасы заңының 10-бабы былайша аталады: «10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы». Ал «Закон Республики Казахстан О правовых актах с изменениями и дополнениями по состоянию по 11.07. 2017 г.» бойынша аталмыш заңның 10-бабы былайша аталған: «Статья 10. Иерархия нормативно-правовых актов». Бір терминнің дұрыс аударылмауы осы с»йлемнің мағынасын бұзып тұр. «Иерархия» ұғымы бұл жерде – заңи күші бойынша нормативтік құқықтық актілердің «зара бағыныштылығын білдіреді. Яғни заңи күші жоғары тұратын нормативтік құқықтық актілерге, заңи күші т»мен нормативтік құқықтық актілер қайшы келмеуі тиісті. Менің ұсынысым, бұл бапта иерархия с»зін аудармай-ақ, қалдырған д ұ р ы с . « И е р а р х и я » т е р м и н і халықаралық термин. Ағылшын тіліне бұл с»йлем: «Hierarchy of normative legal acts» деп аударылады. Ал нормативтік құқықтық актілердің сатысы – stage of regulatory legal acts – «стадий нормативно-правовых актов» деп аударылады. Мінеки, нақтылы бір ғана мысалда «рескел қателік кеткен деп санаймын. Нақты қорытып айтар болсам, Нормативтік құқықтық актілердің сатысы деген орыс тілінде – «стадии нормативно-правовых актов» деп аударар едім. Ал аталмыш заңның 10-бабының мазмұнында құқықтық актілердің сатысы емес, заңи күші бойынша иерархиясы қарастырылған. Сондықтан да заңи терминдерді орынды қолдана білудің «зі – заңи сауаттылықтың бір маңызды белгісі. Заңгерлік – нақтылықты талап ететін мамандық, заңи терминдер де нақтылы «з орнымен қолданылғанда ғана «з мағынасын аша түседі. Білім алушыларға бұл мәселелердің түйінін қалай, қашан шешіп береміз? Тіптен, білім алушыларға ғана емес, заң – маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық акт болғандықтан, ол қарапайым халыққа да түсінікті болуы керек емес пе? Арнайы заңгерлік білімі бар адамдардың «зін адастыратын заң қарапайым халық үшін қалай қызмет етпекші? Екі тілдік мәтіндегі алшақтық к»бінесе мемлекеттік тілде білім алушыларды адастырады. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында білім алушылардың басым пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатқандығын ескерсек, бұл мәселені жастардың болашақ тамырына балта шабу деп біліп, жерде қалдырмау керек. 0мірәлі ЖАЛАИРИ, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының ректоры: – Заң саласындағы реформаларда к»птеген «згерістер болды. Президенттің 40-тан астам құзіреті Парламентке, Үкіметке берілді. Енді қазір заң терминдерін дұрыстау керек деген мәселе к»теріліп жатыр. &йткені орыс тілінен қазақ тіліне аударып оқығанда айырмашылық бар, к»п адамдар түсінбейді. Оны кейде жай халық емес, заңгерлердің «здері түсінбей қалады. Қазақстанда 70-тен аса заң факультеттері бар. Бұрын екі ғана факультет болған: ҚазҰУ мен ҚарҰУ-да. Соның «зінде мамандарды дайындап шыққан. Ал қазір аграрлық университеттер сияқты, кейбір оқу орындарында заңгерлер дайындаудың қандай қажеттілігі бар? Солай емес пе? Сондықтан заңгер дайындауды реттеу керек. &йткені қазір сауатсыз заңгерлер к»п болып жатыр. Біз шетелдің заңгерлеріне жүгініп жүрміз. Сол себептен білікті білімді заңгер дайындауымыз керек. Біз Конституцияға осы Конституция күні жақындағанда ғана мән береміз. Жалпы күндерде мән бермейміз. Ал шетелде, Америкада конституцияны арнайы кітапша қылып қалтасына салып жүреді. Адамдар «здерінің құқығын, бостандығын қалай қорғау керек екенін біліп жүреді. Ал бізде құқықтық сауатсыздық «те к»п. Қазір біз халқымыздың құқықтық сауаттылығын к»теруіміз керек. Конституцияны балабақшадан бастап дәріптеу керек. Мектептерде белгілі пәндер қойылған. Балалар «зінің құқығын білмейді. ЖОО-да Заң факультетінен басқа факультеттерде де құқықтық негіздерін міндетті түрде оқыту керек. Осылайша, д»ңгелек үстелге ҚР Конституциялық Кеңесінің «кілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, әділет, еңбек, әлеуметтік қорғау және к»ші-қон, мемлекеттік кірістер басқармасының «кілдері, нотариустар, адвокаттар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, Алматы қалалық және аудандық соттардың судьялары, Алматы қаласының соттар әкімшілігі қатысты. Ойларын ортаға салған заң мамандары еліміздің азаматтарын Конституция күні қарсаңында ғана емес, барлық уақытта құқықтық сауаттылығын арттыруға шақырды. &зара пікір-тәжірибе алмасып, заң айналасындағы мәселелерді бірлесе шешуге бел байлады. Ендігі уақытта мамандар заңгерлер дайындаумен қатар, қараша халықтың «з құқығын білуіне күш салмақ. Сынпікірлер қабылданып, оны түзетуге, болашақтың жұмысын бірлікте атқаруға шешім қабылданды. Айта кетейік, ҚР Конституциясы – Қазақстан халқының еркіндігін, оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуға ұмтылысын, басты құндылығы адам, оның «мірі, құқығы мен бостандығы екендігін бейнелейтін елдің негізгі Ата Заңы.

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *