АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫМЕН КЕЗДЕСТІ

a39a6f25dc4540ba260d65470894f1a3_MОтырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов таяуда ғана аяқталған Индонезияның Джакарта қаласында өткен ХVIII Азия ойындарының самбо күресінің жеңімпазы, Отырар ауданының тумасы Бағлан Ибрагимді қабылдады. Кездесуде аудан басшысы халықаралық спорт алаңдарында еліміздің туын туын көкке желбіретіп жүрген спорт саңлағын кезекті жеңісімен құттықтап, ел намысын қорғаудағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

«Киелі Отырар ауданынан небір мықты дарындардың шыққанын тарих өзі дәлелдеп берді. Әлемді аузына қаратқан күш алыбы Қажымұқан атамыздың ерлігінің өзі бір төбе. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі спорт саласына ерекше көңіл бөлуінің арқасында өзің секілді намысты қазақ спортшылары әлемдік додада топ жарып жүр. Аудан спортының өркендеуі үшін де барлық жағдайлар қарастырылған. Спорт бір бағытта ғана емес әр саласы бойынша да дамуы керек. Сол үшін ауданымызда қазақша күрес, дзю-до, самбо күрестерімен бірге бокс, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, ат спорты және тағы да басқа спорт түрлерін дамытуды қолға аламыз»,-деген аудан басшысы Бағлан Ибрагимді арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Бүгінде Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің спорт факультетінде 3-курста оқитын Бағлан Ибрагим алдағы қараша айында Румынияда өтетін әлем біріншілігіне дайындық үстінде. Бағланның ағасы Бақытжан Төребеков те спорт саласында біраз биіктерді бағындырған. Ол — Белградта өткен бүкіл әлемдік универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған жалғыз қазақстандық. Аудан басшысымен кездесу барысында Дзю-до күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақытжан Төребеков жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігін киелі Отырар ауданында өткізу туралы ұсынысын білдірді. Аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы аталған ұсынысты жүзеге асыруға әзір екендігін жеткізді.

 

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *