Азиада чемпиондарын қала әкімі марапаттады

Без названияШымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Азия ойындарының жеңімпаздары мен бапкерлерін қабылдады.

Жарыста топ жарып, ел намысын абыроймен қорғап келген спортшыларымызға құрмет көрсетіп, алғысын жеткізді. Қала әкімінің қолынан 1 миллион теңге сыйақы алған Азия чемпиондары бойжеткендер болды.

Көркем гимнастикадан шым шаһардың қос бірдей сұлуы алтыннан алқа тақса, байдаркада ескек есуден Инна Клинова да чемпиондар қатарынан көрінді.

Батутта секіруден Пірмамад Алиев ел тарихында азиа ойындарында алғашқы медаль жеңіп алған спортшы ретінде тіркелді. Оның ендігі мақсаты Олимпиада ойындары. Бұл жолы Бапкерлері де құр алақан қалмады. Еңбегі бағаланған спортшылардың бір қатары халықтар ойынына жол тартады. Ал ірі белестердің бірі Токио Олимпиадасы болып тұр. Оған келесі жылдан бастап жолдама жеңіп алу қажет.

Еске салсақ, 2018 жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында XVIII жазғы Азия Ойындарының бағдарламасына кіретін 19 спорт түрінен Шымкент қаласының 36 спортшысы қатысып, 14 спортшымыз жүлделі орындардан көрінді. Ал, жалпы есепте Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола медальге ие болып, 9 орынды қанжығаға байлаған.

 

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *