Мақтаарал командасының болашағы зор

safe_imageБолашақта Түркістан облысының намысын «Мақтаарал» командасы қорғауы мүмкін. Ол үшін команданың өз стадионы, және өз резервін дайындайтын базасы болуы керек. Осы мақсатта Қазақстан футбол лигасының өкілдері сараптама жұмыстарын жүргізді.

«Мақтаарал» командасы бірнеше жылдан бері бірінші лигада өнер көрсетіп келеді. Аядай ғана ауданда осындай мығым команда дайындау оңай шаруа емес. Түркістан облысының бас командасы статусына лайық болу үшін клубтың жанынан жас футболшылар тәрбиелейтін орталық болуы тиіс. Қазақстан кәсіби футбол лигасының өкілі Павел Демьян Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановқа осы мәселелерді жеткізді. Аудан басшылығы Мақтаарал командасының болашағына нық сеніммен қарайтынын айтты. Соңғы кезде Мақтаарал командасы Шымкенттің Қыран командасымен кездесуде басымдыққа жетіп жүр. Сөйтіп Түркістан облысындағы мықты команда екенін тағы да дәлелдей түсуде. Олай болса алдағы уақытта Түркістан облысының бас командасы ретінде Мақтарал футболшыларын көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Н.КЕНЖЕХАН

 

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *