ҚЫЛМЫСТЫ ҚҰРЫҚТАУ – ОТЫЗДЫҚҚА ЖУЫҚТАУ

20180210161422Қазақстанда Ішкі істер департаменттері жойылды. Енді олардың орнына «Полиция департаменттері» құрылған. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жергілікті полиция жұмысының тиімділігі мәселелері қаралды. Қылмыспен күрес, зорлық-зомбылық пен ұрлық-қарлықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралар мен жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады. Ұлт жоспарының 30-қадамын іске асыру мақса тын да ел тарихында тұңғыш рет құрылған «жергілікті полиция қызметі» өз жұмысын 2016 жылғы 1 қаңтарда бастады. Оны құрудағы мақсаттар қатарында бұл қызметтің жергілікті жұртшылық алдында есептілігі, халықтың полиция қызметіне деген сенім деңгейін арттыру болды. Бұл ретте Жергілікті полиция қызметі құзыретіне қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрмыстық қылмыстарға қарсы тұру, жол қауіпсіздігін, ұсақ қыл-мыстарға нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету кірді. Тұтастай алғанда, жаңа қызметтер өздеріне жүктелген міндетті орындай алған. Ішкі істер ведомствосының басшысы қылмыс түрлерінің басым көпшілігі бойынша азаю байқалып отырғанын атап өтті. – Аса ауыр, ауыр қылмыс түрлері, орташа және ауыр емес қылмыстар саны азайды. Олардың ішінде тонау, ұрлау, бұзақылық, зорлықзомбылық және басқа да қылмыстар бар. Бұрын сотталғандар, бұдан бөлек, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған қылмыстардың төмендеу үрдісі тіркелді, – деген Қ.Қасымов бұл өзгерістер құқықбұзушылықтардың а л д ы н а л у, қ о ғ а м д ы қ т ә р т і п т і сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ-нің өңірлік әкімдерімен бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі екендігін айтты. Министрдің мәліметінше, жергілікті полициялардың жалпы саны қазір 25 мыңды құрайды. Олар өз құрамына учаскелік инспекторлар қызметін, жол-патрульдік полицияны, ювеналдық полицияны, табиғатты қорғау полициясын, бұған қоса, әкімшілік жауапкершілік бойынша ұсталған адамдарға және белгілі тұрақты жері жоқ адамдарға арналған арнайы мекемелерді қосып алған болатын. Биылғы 12 шілдеде құқық қорғау органдары қызметін жетілдіруге бағытталған заң қабылданды. Оған сәйкес, еліміздегі барлық «Ішкі істер департаменттері» «Полиция департаменттері» болып қайта құрылуда, ал «Жергілікті полиция қызметі» Полиция департаментінің құрамына кіруде. Бірақ бұл қызмет жойылмайды, ол бұрынғы міндеттері мен функцияларын сақтай отырып, әлгі департаменттің құрылымдық бөлімшесіне айналады. Қ.Қасымов екі қызметті біріктіруге не себеп болғанын түсіндірді. «Біз әр өңірде екі полицей қызметі пайда болғанын аңғардық. Біріншісі – бұрыннан келе жатқан Ішкі істер департаменттері, екіншісі – жаңа құрылған жергілікті полиция қызметтері. Жағдайды қайта зерделеп, қос полиция қызметін қосу ұсынысын енгіздік. Тиісті құжатқа ел Президенті қол қойды, біз ІІД-тердің атын ауыстырып жатырмыз. Мысалы, Астана қаласы Полиция департаменті деп жаңаша аталады» дейді министр. Тағы бір жаңалық сол, әкімдерге полиция департаментінің бастығын қызметіне тағайындау немесе орнынан алып тастау құқығы беріліп отыр. Сондай-ақ әкім полиция органының алдына міндет қоя алады. Өйткені бұдан былай өңірдегі құқықбұзушылықтардың алдын алуға әкімнің өзі дербес әрі толығымен жауап беретін болады. Dз кезегінде Полиция департаментінің басшысы әкім мен халық алдында жылына кем дегенде бір рет есеп беріп тұруға тиіс, ол бұған заң жүзінде міндеттелген. Қалмұханбет Қасымов жергілікті полициялардың материалдықтехника лық базасы автокөлікпен, байланыс құралдарымен, компьютерлік техникамен айтарлықтай күшейтілге нін жеткізді. – Жол-патрульдік полицияның кадрлық жағдайын с а у ы қ т ы р у м а қ с а т ы н д а о с ы бөлімшелердегі сержанттық лауазымдарды офицерлік лауазымдарға кезең-кезеңімен ауыстыру шаралары жүргізілуде. Қазір 3000-нан астам лауазым офицерлік деңгейге көшірілді. Алайда бірқатар өңірде бұл жұмыстар ішінара ғана іске асырылған, – деген Ішкі істер министрі өңірлер басшыларының назарын осы мәселеге аударды. Оның айтуынша, бұл түйткілді шешу біріншіден, полиция қызметкерлерінің жалақысын өсіреді, екіншіден, кадрлардың сапалық құрамын жақсартады, үшіншіден, осы бөлімшелердегі білікті кадрлардың кетуін тоқтатуға мүмкіндік бермек. Министр жалпы алғанда, полицейлердің қазіргі жағдайы бұрынғыдан көп жақсы екенін алға тартты. Dңірлер әкімдіктері жергілікті полицияға арнап жеке ғимараттар мен орынжайлар бөлген, полицияның учаскелік пунктерін тұрғызған. Ғимараттарына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Автокөліктер, бейнетіркеу құралдары сатып алынуда. Осы орайда Қ.Қасымов әрбір облыс орталығында, үлкен қалаларда саптық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері үшін отбасылық үлгідегі жатақханалар салуды ұсынды. Сондай-ақ ІІМ басшысы әкімдіктер тарапынан қолдауды қажет ететін бірқатар мәселелерге де нақты тоталды. – Оның біріншісі – құқықбұзушылықтардың алдын алу. Әкімдіктер бұл қызметтің әлеуетін жеткілікті деңгейде пайдаланып жатқан жоқ. Жергілікті полиция жүзеге асыратын ұрлықтың алдын алу жұмыстарына жергілікті органдарды, ұйымдар мен мекемелерді, қоғамдық құрылымдарды және тұрғындарды тарту қажет. Екіншісі – жасөспірімдер қылмысының алдын алу. Өзін-өзі ақтаған «Мектептегі инспекторлар» тәжірибесін дамыту керек. Бүгінде мектептерде 2 мың 178 инспектор жұмыс жасауда. Олар мектептердің әкімшілігімен, ата-аналар комиттерімен күнде әрекеттеседі. Қосымша тағы 1 мың 900-дан астам осындай қызметкер лауазымын енгізу талап етіледі, – деген министр бұл жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, маскүнемдіктің, нашақорлықтың ерте сатысында алдын алумен айналысуға мүмкіндік беретініне сендірді. Әкімдер мен жергілікті полиция тізе қоса қимы л дауын қажетсінетін үшінші мәселе – қоғамдық тәртіпті сақтау. Қ.Қасымовтың мәлімдеуінше, соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, бұл істе бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде елімізде шамамен 6 м ы ң б е й н е б а қ ы л ау к а м е р а с ы орнатылған. Барлығы «Жедел басқару орталықтарына» тікелей қосылған. Олардың көмегімен 288 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесіліп, 2074 қылмыс ашылды. Dңірлерде «Қауіпсіз аула» жобасы табысты іске асырылуда. Оның аясында 67 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Айырмашылығы – бұлардың түсіргені тікелей әлгі орталықтарға шығарылмайды. Сонда да көмегі бар: биыл олардың арқасында үйлер аулаларында жасалған 1,5 мыңнан астам қылмыс ашылған, 212 мыңнан астам тәртіпбұзушылық анықталған. – Қабылданып жатқан шаралар көше қылмысын тежеуге және ұсақ тәртіп бұзушылықтарды белсенді анықтап, тосқауыл қоюға жол ашуда. Бұл қоғамда тәртіпсіздікке деген нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді, – деген Қ.Қасымов тек Астана және Алматымен шектелмей, облыстарда да заманауи бейнебақылау жүйелерін дамыту жөнінде ұсынысын ортаға салды. Бұл жерде, оның айтуынша, ІІМ түзген бірыңғай техникалық саясатты ұстану қажет. Сонда ғана барлық енгізілетін жүйелердің өзара үйлесімділігі және оларды бірыңғай республикалық желіге біріктіру қамтамасыз етіледі. Төртінші бірлескен бағыт – жол қауіпсіздігі. Ішкі істер министрінің пайымдауынша, бұл бағытта жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеп алатын автоматты жүйелерді белсенді түрде енгізу керек. Мәселен, Астанада МЖU жобасы аясында 400 жол қиылыстарын және 300 желілік жол учаскелерін «Сергек» жүйесінің фото-бейнетіркеу камераларымен жабдықтау жұмыстары басталған. Жыл басынан бері олар 260 мың әкімшілік құқықбұзушылықты тіркепті, бюджетке 740 миллион теңгеден астам сомада айыппұл өндіріп алынды. Ти і с і н ш е , ж о л қ о з ғ а л ы с ы н бақылауды жүзеге асыратын полиция қызметкерлерінің саны қысқартылған көрінеді. Жақын арада осыған ұқсас жобаларды Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында іске асыру жоспарланған. Үкімет отырысы барысында бірқатар облыс әкімдерінің және облыстық полиция департаменттері басшыларының есептері тыңдалды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, Алматы әкімі Б.Байбек және Астана әкімі Б.Сұлтанов баяндады. Өз кезегінде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қабылданған заңнамалық өзгерістердің нәтижелі б о л у ы н а І ш к і і с т е р м и н и с т р і Қ.Қасымовтың назарын аударды. Премьердің пікірінше, қоғам жуырда қабылданған жаңа заң жағдайды жақсартады деп күтіп отыр. Үкімет жетекшісі кадрлық мәселелерді шешу қажеттілігін нықтады. Бұл әсіресе, учаскелік инспекторларға қатысты. Бірқатар өңірде жергілікті полиция қызметтері бөлімшелерінің штаттық санының 10 пайыздан астам көлемінде бос орындар бар. Сондай-ақ сержант қызметтерін офицерлік деңгейге кезең-кезеңмен ауыстыру бойынша да тапсырма жүктелді. Б.Сағынтаев мектептегі инспекторлар тәжірибесін дамыту мәселесіне аса байыпты қарау қажеттігін айтты. Ол алдымен инспекторлары бар және олар жоқ мектептер бойынша жасөспірімдер қылмысы статистикасын зерделеу қажеттігін атап өтті. Талқылауды қорытындылаған Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев әкімдерге құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың арнайы отырыстарын өткізіп, онда әр өңірде орын алып жатқан проблемаларды қарауды және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін едәуір нығайтуға септесетін шаралар қабылдауды жүктеді. Бұдан өзге, Б.Сағынтаев Ішкі істер министрлігінің ақпараттық тұрғыдан ашық болуы қажеттігіне назар аударды. Қыл-мыспен күреске, елде дүрбелең туғызған қылмыстар бойынша тергеу жұмыстарына, қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арнап, ІІМ баспасөз орталығында жауапты тұлғалардың ұдайы брифингтерін өткізу тапсырылды. Министр Қалмұханбет Қасымов ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің рөлін жандандыруға міндеттелді. Үкімет отырысынан кейін журналистер алдына шығып, сұхбат берген ІІМ басшысы елдегі қылмыстың үлкен бөлігін құрайтын ұялы телефондар ұрлығының жолын кесуге бағытталған жаңа бағдарламаның пайда болғанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, еліміздің бірнеше өңірінде – Алматы, Астана қалаларында, Павлодар және Қарағанды облыстарында сауда орталықтары мен базарларға тексерулер жүргізілген, нәтижесінде, саудагерлердің ұрланған заттарды сататыны расталыпты. – Ұрланған заттар саудаланған. Жөнсіздіктер анықталды. Сауда орындарының біразы құжаттары жоқ телефондар мен оның бөлшектерін сатқан. Бүгін Алматы қаласының әкімі бір базарды жауып тастағанын жария етті. Осындай базарлардың, сауда орталықтары мен дүңгіршектердің иелеріне қатысты барлық шаралар қабылдануға тиіс, – деді Қ.Қасымов. О н ы ң д е р е г і н ш е , Қ а з а қ с т а н д а қолданыстағы әрбір ұялы телефон белгілі бір адамның атына тіркелетін болады. Осындай сәйкестендіруи д е н т и ф и к а ц и я л ау ш а р а с ы н а н кейін ЖСН мен төлқұжат деректерін енгізбей, ұрланған телефонды қосу мүмкін болмай қалады. Ішкі істер министрі ұрланған және бұғатталған ұялы телефондардың 85-87 пайызы Қазақстанда қайта қосылатынын хабарлады. Бұған телефондарды тіркеудегі тиісті тәртіптің жоқтығы ықпал ететін көрінеді. Тек аз бөлігі ғана Қытай, Ресей, Dзбекстан мен Қырғызстанға әкетіледі. Елдегі әрбір ұялы телефонның нақты қожайы ны бекітіліп болған соң, егер сол қожайыны бұл қымбат затының ұрланғанын хабарласа, оны басқа біреу пайдалана алмайтын болады. Егер пайдаланса, ізіне полицейлер түспек. «Бізде арнайы бағдарлама пилоттық режим де іске қосылуда, біз сол арқылы ұрланған телефон қай жерде, қандай елде қосылып, жұмыс жасап тұрғанын көреміз» деді министр Қалмұханбет Қасымов.

А.ШӘРІП

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *