ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ БЕКЗАТҚА АРНАЛДЫ

01Бекзат мөлтек ауданындағы №4 БЖСМ-да  «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бокстан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Бекзат Саттархановты еске алуға арналған XIV-ші республикалық турнирі  жалауын желбіретті. Дәстүрлі турнирдің ашылуында Ер Бекзаттың ата-анасы Сейілхан, Сырлыкүл Саттархановтар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Бекжан Адамбеков, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрбек Сыздықовтар құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

  Турнирге он төрт салмақ дәрежесі бойынша Маңғыстау, Алматы облысынан, Ақтөбе, Орал, Атырау, Тараз, Астана, Шымкент қалаларынан келген 230-ға жуық спортшы қатысуда. Жарыстың бас төрешісі Берік Егізбаевтың айтуынша жарыс төрт күнге жалғасып, бірінші қазан күні марапаттау рәсімі өткізілетін болады. Себебі, дәл осы күні Безат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында алтынан алқа таққан. Сондықтан да марапаттау сәті айтулы күнінің құрметіне орайластырылып отыр.

 Өз салмағында жеңімпаз атанған жүлдегерлерге медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады. 

 

«Түркістан-ақпарат».

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *