СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

ff0158c2594917cd6a9c4e297e8a8d7c_XLСалауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас-жігерін қалыптастыру болып табылады.

Елбасы қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты Жолдауындағы 4-бөлімі қазақстандықтардың салауатты өмір сүруін көздейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша адам денсаулығының тек 8-10 пайызы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысымен байланысты екен. Қозғалыстың жеткілікті болуы ағзаның тыныс алуын, қан айналымын жақсартып, дене мүшелерінің оттегімен, қоректік заттар арқылы жақсартып, жұмыс істеу қабілетін жетілдіретіндігі белгілі. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасау әрбір адам үшін пайдалы.

Илхом РАМЕТОВ,
Түркістан жоғары медицина колледжінің
дене шынықтыру пәнінің оқытушысы

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *