Түркістанның аграрлық ахуалы қандай?

27bd09aae002e9385e041fec032e6072_crop_l_9_t_3_w_773_h_435_resize_w_520_h_Таяуда ғана облыс орталығы болған Түркістан қаласының қазіргі даму қарқыны ел аузында, жұрт талқысында. Иә, Түркістан облысы дегенде ойымызға ә дегеннен демографиялық тығыздық пен агроөнеркәсіп туралы деректер келеді.
Қанша дегенмен халық тығыздығы да, жер құнарлығы да, ауа райының қолайлығы да бұл өңірдегі өндірістің негізгі көзі – аграркалық бағыт екендігін дәлдейді.
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек. Қазір Түркістан өз басына облыс. Өзі қожа, өзі би кезде оған бөлінетін қаржы да, қойылатын талапта арта түседі емес пе? Біз еліміздің ең беделді университтерінің білікті мамандарынан осы өңірдегі аграрлық жағдай туралы пікірлер жинаған едік. Сарапшының саралағын ойын назарыңызға ұсынамыз:

Қайрат Қайыркенов,
техника ғылымдарының магистірі: «Ұлы Жібек жолын қайта жандардырар әл-ауқатын көтеруге үлкен мүмкідіктер береді»

Түркістан қаласының Түркістан облысының орталығына айналуы барлығымызға қуанышты хабар. Оңтүстік аймақтың бел ортасын алып жатқан осынау өлке экономикалық, әлеуметтік, географиялық тұрғысынан қарағанда маңызды мекен-аймаққа жатады. Республикамыздың сауда-саттық қарым-қатынасын, Ұлы Жібек жолын қайта жандардырар әл-ауқатын көтеруге үлкен мүмкідіктер береді. Себебі, осы аймақтың геосаяси тұрғысынан қарағанда жалпы жобалық проектілермен айналысуға жол ашады. Еліміздің ордасы атанған Астанамызбен функционалды түрде алыс-берісін көбейте алатын, бәсекеге қабілетті бола алатын облыстардың бірі деп есептеймін. Осыған орай, айта кететін жайт. Егер, шетелден келер инвестицияның бір бөлігін облыстағы ірі өнеркәсіпке жұмсасақ, келесі бір бөлігін осы жол қатынасқа салуға болар еді. Мысалы, ұлы Жібек Жолы. Батыс пен Шығысты көпірі атанған бұл жер ежелден емеурінді елдің еңсесін көтеріп келеді. Қарапайым халыққа жұмыс орын ашқанда, оның сапасын, яғни, еңбек сапасын барынша қадағалап жатуымыз қажет. Қазіргі таңда Түркістан қаласына барша елдің ғана емес, түркі тілдес мемлекетьердің назары ауып тұр. Сол шетелден келер инвестицияның басым көпшілігі Түркістанның рухани проектерге жұмсалады деген үміт бар.
Кезінде ұлы саяси және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың шекара сынтында жүріп-ақ, осы мәселерді ойластырған. Ұлт деп жаны күйген, өз отанын құлай сүйген арда азаматтың арманы алыс емес. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасап отырған парасатты істің болашақ ұрпаққа қайырымын береді. Сондықтан жаңа Түркістан облысының рухани, экономикалық, географиялық, сауда-саттық, аграрлық жұмыстарын бірдей қолға алумыз керек.
Елдің рухани әлеуеті қанша маңызды болғанымен, инфрастуктурасы дамымаса, халықтың жалпы жағдайы көтерілмейінше, қаржылық қамтамасыз болмаса, алға бір қадам жүре алмайды. Бірақ, Түркістан қаласы жанында тұрған, көршілес Шымкент қаласымен бәсекелесу мүмкіндігі болу қажет.
Аграрлық тұрғысынан қарағанда, жалпы шаруа халықтың малмен, егін-егістікпен ауыл жақтарда өмір сүріп жатқаны бізге мәлім. Субсидирование бөлінген, жеңілдіктер жасалған, жалпылама кішкентай бизнеске қолдау көрсетер қаржылық мәселердің болуы заңды. Көптеген қиындықтарға қарамастан қолдау таба білген шаруашықтарға инвестиция ауадай керек.
Аграрлық жерге жататын бос алқаптарды игеруге, оған жаңа, замануи техникамен қамтамасыз етілсе құба құп.

Жасұлан Жарылқағанұлы,
техника ғылымдарының кандидаты: «Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан бұрынғы астанамыз қазіргі таңда жеке облыс орталығына айналды»

Түркістан қаласының аграрлық мәселесі жеңіл өнеркәсіпке деген сұраныстың артуынан аймаққа бөлінер қаржы мәселесі, ойластырар проектілердің ауқымдылығы болу шарт. Себебі,әр облыстың ерекшелігі,игерілмеген жерлері баршылық.
Түркістан облысы бөлек облыс ретінде бөлінуі дұрыс шешім деп ойлаймын. Тамыры тереңге тартқан киелі топырақтың түп негізі түркі халықтарының рухани астанасы болғанын, кіші Мекке атануы барлығымызға мәлім. Тәу етер қасиетті жерге туристердің көптеп келуі ғажап емес. Ол бірінші мәселе.
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан бұрынғы астанамыз қазіргі таңда жеке облыс орталығына айналды. Енді туристік өлкеге айналу үшін, инфрақұрылымдық нысандар, демалыс бекеттері, қоғамдық орындарды көптеп салу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Осы орайда, атайтынымыз келер 2019 жылы туристік саланы дамытудың оңайлы жылы болмақ. Себебі, шетелден келер инвестицияны тарту арқылы біз сол жақтың жағдайын дұрыстаймыз.
Түркістанның облысының аймақтық даму мәселесі шегіншектей береді. Халық тығыз қоныстанғанына байланысты көптеген жұмыстар шетін қала береді. Шымкент республикалық маңызы бар қалалардың санатына қосылғаннан кейін, жеке бас болып Түркістан көтерілген сияқты. Бір өзеннің қос арнасындай мемлекетке түсер пайданың да екі еселеніп ұлғаярына сенімдімін. Ол да жұмыс, ол да үлкен еңбек. Себебі, экономиканың маңызды бөлігін құрап жатқан сауда-саттық мәселесі Оңтүстік жақтарда жақсы дамыған. Жеңіл өнеркәсіптің көшбасшысына айналған өлке келешекте де жаңа деңгейге шығып, сапа мәселесін қолға алып одан да үлкен мүмкіндіктерге ие болады. Облысқа инвестиция тартудың бірден-бір оңтайлы жолы – осы жеңіл өнеркәсіп болмақ.
Бір арнаға тоғысқан тоқсан жолдың торабы туған жерде түйісу керек. Келер ұрпақтың болашағы үшін, өткен бабалардың аманатын сақтау үшін Түркістан облысына жатқан тарихи нысандарды әлемдік көрмеге ұсынуымыз бек мүмкін. Сонда келемін, көремін, зерттеймін деген қонақтардың алдына сапалы жағдай жасап қана қоймай, өзіміздің елдегі туристтерге қол жетімді жасау демалыс орындардың беделін арттырады.

Болат Жүсіпов,
психология ғылымдарының магистрі: «Аграрлық жұмыстарды бір жыл бұрын қамдап алсақ, онда келер жылдың жемісін көреріміз бек абзал»

Қазіргі таңда Түркістан облысының орталығы болып кеткен Түркістан қаласы қазақтың қасиетті де киелі рухани ордасы. Сарабдал саясаткер, Алашқа еңбегі сіңген қайраткер Мұстафа Шоқайдың аңсаған арманы болған Түркістан өз көшін өзі жүргізетін болды. Берекелі елдің шаңырағынан түтіні түзу шықсын десеңіз, ол – маңдай термен келген еңбек. Яғни, еңбектің жемісі.
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Түркістан облысы егістікке ыңғайлы жер емес. Дегенмен, жеңіл өнеркәсіпті дамытуға таптырмайтын жер. Онсыз да еліміздің басым көпшілік жеңіл өнеркәсіртің нарығын ұстаған өлке, шетелден келер инвестицияның арқасында жаңа деңгейге шығады деген үміттемін. Себебі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соңғы жолдауда жалпы өнәркәсіптің, қандай да болмасын кәсіп-жұмыстың сапасына мән беру керек дегн болатын. Тәуелсіздігімізді 25 жыл арасында сындарлы кезеңдерді бастан көшірген республиканың экономикасы енді жаң жейгейге көтерілуі шарт. Санға емес, сапаға жұыс істеген кәсіпорынның жұмысы алға басады деген стериотип қалыптастырмасақ, экономиканың бүтін бір қара жерде нық тұруы екіталай. Әлемдік стандарттарды, халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, керек десеңіз, кадр мәселесін шетелмен біріп, кеңесіп жасасақ, жаңа қазақстандық жұмыс кадрларын дайындап, өнеркәсіпте сынатып, ысытып алуымыз қажет.
Түркістан қаласының инфрақұрылым­дық мәселелесі алға қойылады деген ойдамын. Түркістан облысында едәуір тығыз қоныстан аудан-аймақтардан Түркістан қаласына көшу мәселесі бел алады. Оған Түркістанның осы бастан қала проектісін дұрыс жолмен дамытып, су-газ, құбырлар, жолдардың орналасу сызбасы болса, ертең, жиырма жылдан кейін ол үлкен септігін тигізері хақ.
Аграрлық мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес. Себебі, ауа-райының құбылмалы мінезін ешқашан болжай алмайсың. Дегенмен, аграрлық жұмыстарды бір жыл бұрын қамдап алсақ, онда келер жылдың жемісін көреріміз бек абзал. Түркістан облысының жер каррозиясына ұшырамаған, егістікке жайлы жерлер, игерілмеген жерлер де баршылық. Мемлекетіміздің қолдауы арқасында, қаржылық мәселелені шеше отырып жұмыстардың жүзеге асуы жергілікті халықтың көңілін қуантары белгілі. Ол – еңбек. Ал еңбек – әр шаңыраққа ырыс, несібе, құт болып дариды. Көп рахмет!

Ерғанат Магзумов,
саясаттану ғылымдарының магистрі: «Түркістан облысының аграрлық мәселесін бірінші орынға қою керек»

Түркістанның қазіргі экономикалық, аграрлық, географиялық жағдайы өте тиімді тұста. Себебі, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы болып келе жатқанда Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына енген. Шымкент қаласы өз алдына бөлек қаржымен қамтамасыз етілсе, Түркістан қаласы Түркістан облысының орталығы ретінде бөлек қолдау көрмек.
Біріншіден, Түркістан облысының аграрлық мәселесін бірінші орынға қою керек. Қазақстанның ең біріншіден аграрлық мемлекет екенімізді ұмытпауымыз қажет. Сондықтан, инвестицияның басым көпшілі туристік аймаққа жұмсай отырып, аграрлық проектілерді паралельді түрде алып отыруға мүмкіншілік жасауға жол ашылады.
Екіншіден, Түркістан қаласы және Түркістан облысында тарихи, мәдени құнды жәдігерлер, киелі кесене-мазарлар көптен орналасқандықтан бұл ретте туристік инфрақұрылымды дамытудың оңтайлы мүмкіндігі де туады. Арнайы экспедициялар жіберіліп, сндағы құнды заттардың қандай жағдайда жатқандығын зерттеп алуымыз артық болмайды. Содан кейін, оларды қалпына келтіріп, шетелден келетін туристердің, демалушылардың, тәу етіп келген адамдардың ыңғайлы қоныстанар жағдайды реттеуіміз артық етпейді.
Үшіншіден, экономикалық тұрақтылық пен үздіксіз даму, яғни, сапаны барынша жақсартуға арналған жұмыстар. Тиімді ретте проектілердің жас ғалымдарға зерттетіп, сарапшылардың пікірін ала отырып, жан-жақты ойланғаннан кейін кірісуіміз шарт. Мұндай тәжірибені шетелден алуға болады. Маман-кадрлардың біліктілігі жетпеген күнде, басқа жақтан шақыртып, үйреніп, яғни, жас кадрларды үйрете отырып көптеген дамымай жатқан экономикалық тұстарын алып кетуге болатын еді.
Елдің болашағына алаңдаулы, ұрпақтың ертеңіне бейберекетсіз қарай қоғам ғана әлем әкеле жатқан сынақтарға төтеп бере алады. Сондықтан атқарар істі осы бастан ойластыра отырып, біз, даңғыл жолдың сүрлеуіне түсеміз. Ал әлем мемлекеттермен бәсекеге қабілетті ел болып қалу үшін осындай маңыз факторлар ауадай қажет.
Түркістан қаласы Түркістан облысының орталығына айналғаны – елге үлкен серпіліс берді. Тарихта жаңа парағымызды ашқан біздің тәуелсіз еліміз жетістікке жетеріне кәміл сенемін!

Қазбек Ғалымтайұлы,
техника ғылымдарының кандидаты: «инфрақұрылымдық мәселесі шешілсе, онда Елорда мн киелі Түркістанды жалғайтын Бетпақдала болмақ»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен шыққан жаңа Түркістан облысы Қазақстанның аграрлық тұрғысынан үлкен мүмкіндік береді. Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани астанасы атанғанымен түркі тілдес мемлекеттерден келген, тартылған инвестиция дәл осы аграрлық проектілерге жұмсалу қажет деп есептеймін.
Астана мен Түркістанды жалғайтын Бетпақдала деген жеріміз бар. Қаншама мың гектар жер игерілмен босқа қаңырап жатыр. Егер де жалпы облыстың инфрақұрылымдық мәселесі шешілсе, онда Елорда мн киелі Түркістанды жалғайтын Бетпақдала болмақ. Ол – жаңа жұмыс орындар, зауыт-фабрикалар, жеңіл және ауыр өнеркәсіптің тікелей дамуы.
Дегенмен, инвестиция мәселесі. Әрине, Түркістан қаласы ежелден түркі әлемінің руханияты болғаны сөзсіз. Бірақ, қасиетті өлке, киелі мекен Қожа Ахмет Ияссауи кесенесіне әлемдік деңгейде жарнамалап, қызықтыра таныстырып, қасиетін жеткізсек, онда инвестицияның басым көпшілігі Еуропа, тіпті Америкадан болу ықтимал. Ол жоқ емес, бар ғой.
Аграрлық тұрғысы, бір ғана облыста емес, көптеген жерлерде дұрыс жолға, бір арнаға тоғыстырылмаған. Себебі, тағда қаржы мәселесіне келіп тіреледі. Қазіргі заманда, аграрлық жұмыстар барынша автоматтандырған. Адамның бұл жұмыстарға қатысуы мейлінше аз. Модернизацияланған қазіргі агрегаттар егістік алқабында бір ғана оператор-бақылаушының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Автоматтандырылған жаңа техника Қазақстанның игерілмей жатқан көптеген жерлерге өте тиімді жұмыс істеп, республикамыздың экономикасына едәуір пайда әкелері сөзсіз.
Түркістан облысы ондай игерілмеген жерлерден кенде емес. Халықтың жыл сайын көбейіп жатқандығына қарамастан, аграрлық жұмыстармен жекеленген шаруа қожалықтар айналыспаса, басқалай мүмкіндік болмай жатыр. Дегенмен, инвестиция тарту арқасында бұл проблемаларды шешуге болады. Қазақстанның оңтүстік жағын алып жатқан Түркістан облысы, облыс орталығы болып бекітілген Түркістан қаласы болашақта үлкен істерді атқарарына кәміл сенемін. Оның барлығы бейбіт күннің жемістері. Оның барлығы өткен ата-бабаларымыздың аманаты, оның барлығы болашақ ұрпақтың байлығы!

Қайрат Сейітқазы

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *