Банк секторы 2020 жылға дайын ба?

1542254420_article_b_1500_2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болғаннан кейін бес жыл ішінде шетелдік банктерге ішкі нарықта тікелей бөлімшелерін ашуға рұқсат ету міндеттемесін алған еді. Яғни, 2020 жылдан бастап шетелдік кез келген банк Қазақстанда өз бөлімшесін ашып, жұмыс істей бермек. Бұл біздің банктердің бизнесіне, депозит пен несие пайызына қалай әсер етуі мүмкін деген сауал көпшілікті қазірден алаңдатуда. Дегенмен, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер бұған дайындықты біраз уақыт бұрын бастап кеткен.

Саладағы монополияның астары

Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болу отандық бизнеске тиімді болғанымен, банк секторы ішкі нарықтағы өз орнын сақтап қалу үшін бәсекеге қабілетті болуы керек. Ол, бір жағынан жалпы капиталының көлемі болса, екінші жағынан депозит пен несие пайызының барынша жеңілдігі. Бірер жыл бұрынғы дағдарыс кезінде Үкімет банк секторын сауықтыру үшін Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлгені есімізде. Бұл үрдіс биыл да сақталды. Тіпті биылғы Жолдауда арнайы аталып, зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігі банктерге қарызға берілетін болып шешілген. Мемлекеттің банк секторын бұлай көтермелеуін Үкімет саланы сауықтыру, шағын және орта бизнесті қолдау деп түсіндіреді. Дегенмен оның ас-тарында 2020 жылға дайындық та бар секілді. Яғни, күні ертең шетелдік банктер ірі портфелімен, арзан несиесімен және тиімді депозиттік сыйақымен кіргенде біздің банктер көлеңкеде қалып қоймасын дегені. Олай дейтініміз, Үкіметтің былтырғы банктерді сауықтыру бағдарламасында Ұлттық қордан бөлінетін қаражат тек ірі банктерге ғана берілуі керек деген талап болды. Ірі болып қана қоймай, Үкіметтің көмегін алу үшін банк қожайындары банктерді қосымша капиталдандыруы керек болды. Бұл сырттан қарағанда ұсақ банктерге жасалған қиянат болып көрінгенімен, оның астарында экономикада рөлі төмен кішігірім «банксымақтарды» нарықтан аластатудың амалына ұқсайды. Ұлттық қордың ақшасынан бөлек елдегі банктерді күшейтудің екінші амалы ретінде мемлекет банктерді біріктіру саясатын жүргізді. Нәтижесінде бірді-екілі ұсақ банктерден бөлек, Қазком мен Халық банкінің қосылғаны да белгілі. Tengri Bank пен Capital Bank, Цесна банк пен Центр Кредит банкінің де қосылатыны айтылғанымен, кейін олар үнсіз қалды. Ал Қазкомды меншіктеген Халық банктің жалпы активі 7,9 млрд теңгеге жетіп, іс жүзінде нарықтағы монополиске айналды. Қазіргі таңда банк сек-торындағы қаражаттың әрбір үшінші теңгесі, яғни нарықтың 34 пайызы осы «супербанкке» тиесілі.

Отандық банктер халыққа «сеніп алған» ба?

Жалпы қазіргі таңда елдегі екін­ші деңгейлі 28 банктің 9-ның акти­ві 1 трлн теңгеден асады. Олар «Халық­тан» бөлек, Цесна, Каспий, Форте, Центр Кредит, АТФ және Еуразиялық банк пен ресейлік Сбербанк. Қазақ­стандағы банктер негізінен қарапайым халыққа арқа сүйейді десек қателеспейміз.
Өйткені банк саласындағы жал-пы активтің жартысынан көбі депозиттегі ақша. Банктер сырттан ақша табуға талпына қой-майды. Мәселен, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың көпшілігі ақша сақтайтын Халық банкте отандық бизнес пен қарапайым халықтың 5,7 трлн теңгесі жатыр. Бұл банк активінің шамамен 70 пайызы. Соның ішінде 3 трлн теңге – халықтың депозиттегі ақшасы болса, қалған 2,7 трлн теңге – бизнестің қаржысы. Банктер активі көлемінің халықтың артық ақшасына тікелей байланысты екенінің екінші дәлелі – банк секторындағы соңғы мәліметтер. Өткен айда халық-тың депозиттегі ақшасы рекордтық 8,4 трлн теңгеге жеткенін Ұлттық банк хабарлаған еді. Сол кезде шыққан және бір деректе банк секторының таза табысының да былтырғыдан 2,5 есеге артқаны айтылды. Бұл тұрғыда банктердің үлесі де бірдей. Халық, Каспий мен Сбербанк үшті-гіндегі елдің ақшасы көбейіп, олардың табысы да арта түсті. Дегенмен соңғы кезде заңды тұлғалардың банктегі салымдарында айтарлықтай өзгерістер байқала бастады. Бизнестің кор-поративтік салымның басым бөлігі негізінен Халық, Цесна және Сбербанктерде сақталғанымен, соңғы кездері ондағы қаражат кеміп бара жатыр.
Есесіне, ұсақ бизнес өзінің артық ақшасын шағын банктерге сала бастапты. Шетелдік банктермен бәсекелесе алуы керек Таяуда әлеуметтік желіде елдегі белгілі бір экономистің алдағы уақытта Қазақстанда отандық банктерге қарағанда шетелдік банктер саны көп болады деген болжамы жарияланды. Әрине, келер жылы болмаса да, 2020 жылдан бастап шетелдік банктер көбейетіні көпшілікке онсыз да түсінікті. Бірақ мәселе банктің санында емес, сапасында. Қазақстанда қазірдің өзінде Пәкістанның, Қытайдың банктері бар. Бірақ олар осы салада белсенді дей алмаймыз. Тұрақты жұмыс істейтін бірнеше кәсіпорны бар шығар, бірақ қарапайым халық олардың бар-жоғынан да хабарсыз. Тек Ресейдің банктері ғана қазір отандық қаржы ұйымдарына бәсекелес болып тұр. Әсіресе ипотека нарығында Сбербанктің көшбасшы екені жасырын емес. Үй сатудан бөлек, бұл банк шағын және орта бизнеспен де жақсы жұмыс істеп жатыр. Жалпы экономиканы несиелеуде Ресей банктері тым белсенді. Мәселен, өткен жылы қазақстандық банктердің несие портфелі азайған кезде Қазақстандағы Ресейдің банктері керісінше қарыз беруді ұлғайтты. «Нұрлы жер» секілді мемлекеттік бағдарламаға алғаш болып қатысқан да Сбербанк. Ал өз бетінше қар-жыландыру жағынан Сбербанк негізінен «ірі несиелерді» көбірек береді. Ең бастысы, ресейлік банктердің «көзірі» – жылдық сыйақы құнының төмендігі.
Оның себебі, көрші елдегі несиенің салыстырмалы түрде арзандығы. Жалпы Қазақстандағы несие пайызының берісі Ресей, әрісі Батыс елдеріндегі несие пайызынан көптігі 2020 жылы шетелдік банктер ішкі нарыққа кірген кезде анық байқалып, банк секторына оның кесірі де тиюі ғажап емес. Оның мысалы жоғарыда аталған Сбербанктің артықшылықтары. Осы орайда, отандық банк секторын шетелдік банктермен бәсекеге қабілетті ету үшін Ұлттық қордың қаражаты мен ұсақ банктердің бірігуі жеткіліксіз. Бұл шаралар банкті ірілетуге мүмкіндік бергенімен, қаржы саласындағы мәселені шешпейді. Нақтырақ айтар болсақ, несиенің пайызын төмендете алмайды.
Ертең шетелдік банктер «арзан ақша» алып келгенде халықтың бәрі соларға ауысып кетпеуі үшін Ұлттық банк ең алдымен теңгенің базалық мөлшерлемесін төмендетуі керек. Рас, 2016 жылдан бері Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17 пайыздан 9 пайызға дейін төмендеткен. Алайда қазір бұл көрсеткіш қайта көтеріліп бара жатыр. Базалық мөлшерлемені көтерудегі мақсат теңгенің өзіндік құнын арттыру болуы мүмкін. Дәл осы саясатты қазір Ресей орталық банкі де жүргізіп жатыр. Дегенмен, әлсіз болса да теңгенің өзіміздің банктерде сақталғаны дұрыс.

Бауыржан МҰҚАН

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *