Аграрлық саланың жаңа серпіні

1545705459_article_b_1500_Экологиялық таза өнім өндіруде Орталық Азияда көшбасшы мемлекетке айналуға толық мүмкіндік бар. Бұл туралы өткен жұмада «Аграрлық ғылым. Болашақ бүгіннен басталады» атты пікірталас барысында кеңінен сөз болды.

Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Біржан Рахымжановтың айтуынша, бүгінде артық қоспасыз азық-түлік шығару ісі аса өзекті. Осы ретте минералды тыңайтқыштарға мемлекет тарапынан субсидия берілгенімен, органикалық тыңайтқыштар қолданысын кеңейтуге ешқандай қолдау жоқ. Еліміздегі аграрлық саладағы тың жаңалықтар тұрмысымызға етене еніп, адам ағзасына зиянды қоспаларсыз таза өнім ұсынылып келеді. Мұндай өнімдер әдеттегі жеміс-жидек, көкөністердің бағасымен салыстырғанда қымбатқа түсері де белгілі. Бүгінге дейін елімізде соя мен жүгері, картоп пен қызанақтың жаңа түрлері өсірілген. Бұлар құр-ғақшылыққа төзімді, жылдың əр мезгілінде жылыжайда да өсе береді. Сондай-ақ 2020 жылы картоп егістігінің көлемі 2 пайызға ұлғайтылмақ. Республикадағы жердің 70 пайызы шөлейт болғандықтан соған бейім тыңайтқыштар қолданылады. Тиісінше жоғарыда аталған азық-түліктің жалпы көлемі кем дегенде 5 пайызға артпақ. Аграрлық салада бәсекеге қабілетті болу үшін отандық ғалымдарымыздың ашқан тың жаңалықтарына арқау болатын ілкімді жобалар іске асуы тиіс. Осы мақсатта аграрлық саладағы 300-ге жуық ғалымды шетелде оқыту жоспарланып отыр. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Ұлан Тәжібаевтың айтуынша, «RisingStar» бағдарламасы аясында келер жылдан бастап әлемдік жетекші халықаралық зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарына мамандар жіберіледі. 2019 жылға дейін аталған бағдарлама аясында шетелге оқуға жі-берілетін мамандар санын 300-ге жеткізу көзделіп отыр. Жас ғалымдарға арналған жиынға аграрлық жоғары оқу орнының түлектері мен 15 ғылыми-зерттеу институтының және 18 тәжірибелік шаруашы-лықты біріктіретін «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің мамандары қатысты. AgroLab алаңында геномдық сұрыптау, «жасыл» технологиялар, молекуларлық биология және «ақылды» егіншілік сияқты тақырыптар және басқа да ауыл шаруашылығындағы қазіргі замандағы тың жаңалықтар мен бастамалар жас мамандардың пікірталасына арқау болды.

Еркежан АЙТҚАЗЫ

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *