Ресейді дүр сілкіндірген үш күн

20190104144321743_big 20190104144922888 201901041449476672018 жылдың 31 желтоқсанында әлем Жаңа 2019 жылды қарсы алуға дайындалып жатқанда  Ресейдегі Магнитогорск қаласының тұрғындары үшін бұл  қаралы күн болды. Соңғы дерек бойынша, 39 адам қаза тапқан. Ресми дерекке сәйкес, тосын оқиға газдың жарылу салдарынан болды. Алайда халық арасында «теракт орын алды» деген сыбыс таралды. Қалада күніне екі мәрте брифингтер өтіп жатыр, дегенмен нақты ақпарат әлі белгісіз немесе айтылмады.

2 қаңтардың кешінде Карл Маркс көшесінде орналасқан үйдің маңындағы апат мемориалына тұрғындар гүл мен ойыншықтар әкеліп жатты. Күннің аяз болғанына қарамастан халық құрбандарды үнсіздікпен ұзақ еске алды. Айнала толған өрт сөндірушілер. Ауадан күлдің иісі мүңкіп тұр.

Жалпы 31 желтоқсаннан кешегі күнге дейінгі Магнитогорскідегі жағдай қалай өрбіді? Шолып өтелік…

Ⓒria.ru

31 желтоқсан: жарылыс пен опырылған үй

31 желтоқсан таңға жуық Юлия Орлова қатты соққының дауысынан оянады. Әлгі соққы бірнеше секунд бойы үш мәрте қайталанған. Юлия Карл Маркс көшесіндегі №164 үйге көршілес аулада тұрады.

Ⓒria.ru

Ал қаланың өзге тұрғындарын ұялы телефондарға тоқтаусыз келген хабарламалар оятқан. Сағат таңғы 8:12-де ресейліктердің ұялысына төтенше жағдайлар министрлігінен «Карл Маркс көшесінде орналасқан үйдегі жарылыс» жайлы хабарлама келіп түсті. Кейін еріктілерден кезекті хабарламалар келді. Онда еріктілер үйі қирап қалған тұрғындарға көмектесулерін өтінген. 10 минуттан соң радио сөйлей бастады.

8:30-да көк түтінге боялған таң атты. Күл 200 метрге дейінгі қар мен көліктерді, үйлерді басып қалды.

Ресми дерекке сәйкес, подъезде 111 адамның тұратыны тіркелген. Төтенше жағдайдан кейін 79 адамның тағдыры белгісіз еді, ал қалғандары не тірі, не өлі күйінде табылып жатты.

Ⓒria.ru

Қиранды үйдің алды өрт сөндірушілерге толды, айналадан тек айқайлаған, жылаған дауыстар естілді.

Подъезд тұрғынының журналистерге берген сұхбатына сүйенсек, түнде қабырғалар мен едендердің қирай бастаған дауысынан оянып кеткен. Терезесі ыңғайлы жерде орналасқандықтан, дүкеннің шатырына шығып, көршілеріне де шығуға көмектескен.

Көмек көрсету үшін үлкен пышақ, металл сұраған еркектердің дауысы анық естілді. Үстіңгі қабаттардан жерге пышақтар ұшты.

Сағат 11-ге таяу қаза тапқандардың саны 3-ке жетті, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қираған үйге жақын №14 мектепте уақытша штаб құрылды. Магнитогорск тұрғындары зардап шеккендерге жылы күртеше, көрпе, азық-түлік, су, балалар тағамын тасып жатты.

Президент Путин апатты естіген бойда қалаға ұшып келіп,  жедел отырыс өткізді. Қала губернаторы Путинге «жағдайды толық шешеміз» деп уәде берді.

1 қаңтар: Эвакуацияның дауысы мен өртенген «Газель»

Жаңа жыл түні құтқарушылар тұрғындардан отшашуды пайдаланбауды сұрады. Алайда бұған кей адам құлақ аспады.

1 қаңтарда құтқарушылар тобы жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды, қабырғалардың тағы құлап жатқаны туралы ақпарат тарады. Қиранды үйдің арасында жапа шеккендерді іздеп иттер жүр. Бірде иттердің бірі тұрған орнында қатып қалады. Иттің адамды исін сезгенін иесі бірден түсінді.

Сөйтіп құтқарушылар үйіндінің арасынан 11 айлық Ваня Фокинаны алып шықты. Фокиндер қираған подъездегі пәтерде тұратын. Өрт кезінде анасы 3 жасар баласын алып үлгерген, ал қараңғыдан 11 айлық сәбиді іздеп табу мүмкін болмады. Ал күйеуі Евгений Фокин апат уақытында жұмыста болыпты. Келесі күні күні бойы құтқарушыларға көмектесумен жүрді.

Сәбиді бірден ауруханаға жеткізді, әлі де жағдайы ауыр.

1 қаңтарда түннің ортасында қалалық басты шырша орналасқан Магнитогорск әкімшілігі маңынан атыстың әрі өрттің дауысы естілген. Куәгерлер ВКонтакте желісіндегі пабликтерде полицияның өртенген «Газельді» апара жатқан сәтін көргендерін жарыса жазып жатты. Көбі мұны теракт деп бағалады.

Ⓒria.ru

Жергілікті жерде ресми дерек нақты айтылмағандықтан тұрғындар арасында түрлі сыбыс тарады. Бәрі дерлік теракт екеніне сенімді.

1 қаңтардың кешінде апат болған үйге көрші көшедегі үйден адамдардың эвакуацияланып жатқаны жайлы ақпарат тарады. Хабарламаның асты мыңдаған пікірге толды. Көбі құтылып кеткен террористер Ленин көшесіндегі үйге тығылған деп болжады.

2 қаңтарда журналистер әлгі үйге барды. Алайда №84 үйдің тұрғындары ешқандай эвакуацияның, шудың болмағанын айтты. Анықталғандай, бәрі тек сыбыс қана.

2 қаңтар күні 31 адамның қайтыс болғаны анықталды. Алайда бұл цифр күн санап артатындай еді. Оқиға орнында 100-ге жуық құтқарушы жұмыс істеді.

2 қаңтар: аза тұту

Жергілікті билік 2 қаңтарды аза тұту күні деп жариялады.

Ⓒria.ru

Пәтер иелері губернатордан баспана беруін талап етті. Тіпті адамдар подъезі бар үйде тұрудан қорқып қалған. Өзге тұрғындар үйлеріндегі қауіпсіздікке алаңдаулы.

Кейбірі подъездерінің қирап бара жатқанын айтып шағымданды.

Көпқабатты үйде тұратындар жер үйдегі туысқандарына уақытша көшті.

3 қаңтар: 39 қаза

Үй үйіндісінің астынан жалпы саны 39 адамның мәйіті табылды. 4 қаңтар қалада алғашқы жерлеу рәсімі басталуы тиіс.

2-сінен 3-іне қараған түні Андрей Синебрюхов пен Ольга Баталованың денесі табылды. Екі баласы үйде қонбағандықтан тірі қалған. Туысы Татьянаның айтуынша, Андрей 31-і түнгі ауысымға шығуы тиіс еді, ал Ольга 1-і шығуы тиіс. Арсения мен Ксения Жаңа жылды ата-аналарымен қарсы ала алмайтын болғандықтан нағашы ата-әжесінің үйінде болған.

Ⓒria.ru

Татьяна мәйітханадан інісі мен келінінің денесін таныды. Андрейдің беті толық күйіп қалған, ал Ольганы қолындағы білезігінен таныды. Журналистердің өзге сұрақтарына Татьяна жауап бере алмады, себебі ол жылай берді..

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *