Елбасы айтқан бақытсыз миллионерлер кім?

20190215092556145_big«Мен өмірімде бақытты миллионерді көрмеппін. Мұны өмірден көрген-білгені көп адам ретінде айтып тұрмын». Бұл туралы мемлекет басшысы «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өткен азаматтармен кездесу кезінде айтқан болатын.

Расында да миллиондаған тіпті миллиардтаған ақшасы бар адамның өзі бақытсыз ғұмыр кешеді дегенге сенесіз бе? Егер ақшадан қиналып, айлықтан айлыққа дейін өмір сүретін адам болсаңыз «ақшасы бар адамның өмірден түңілуіне не себеп?» деген сұрақ қойған шығарсыз. Иә сырттай қарағанда ішкені алдында, ішпегені артында, ақшаны оңды-солды жұмсай алатын жан неге бақытсыз? Бір ғана жауап бар: өмірдің мәнін түсінбегендіктен. Өмірдің бар қызығы ақша емес екенін білген сәтте миллионер болсын тіпті миллиардер де бақытсыздыққа ұшырайды. Қалайша?
Ойланып көріңізші, бір тас кедей бай болсам деп армандайды. Ондаған жылдар бойы сол арманын іске асыру үшін еңбек етеді, тер төгеді. Талай рет жылайды, құлайды алайда мақсаты үшін өмір сүріп, сол мақсатқа жету үшін барын салады. Үмітін үзгісі келмейді. Ал сол мақсатына жеткен сәтте тас кедей болған адам не істейді? Қуанып, бақыттан басы айналып бірнеше күн, мүмкін ай жүрер… Содан кейін ол өзіне сұрақ қоя бастайды. «Мен енді не істеймін?», деп айнаның алдына келіп ойланады. Мықты адамдар тағы бір мақсат қойып соны орындауға кіріседі. Бірақ бай адамдардың да әлсізі болады. Сондай байлар тірі өлікке айналады. Бай адамдарды негізінен 2-ге бөліп қарастырсақ: ақшаны жүрегінде ұстайтындар және қолында ұстайтындар. Жүрекке керегі байлық емес… Сол себепті ақшаны жүрегінде ұстайтындар бақытсыздыққа ұшырайды.
Ал кейбірі тоқшылықта өмір сүруге еті үйреніп қалады. Миллионердің көбісі өз байлығынан айырылып қалғанын білген кезде өз-өзіне қол салған. Көбі «өмірдің мәні – байлықта» деп ойлағандықтан осындай қадамға барады. Олар үшін ақшасыз бір күн өмір сүру тозақпен тең болып көрінеді. Бірі өзін атып өлтіреді, енді бірі у ішіп өледі…
Түрлі қиындыққа төтеп бере алмай, өмірдегі қиындықты өлім арқылы шешкісі келген миллионерлердің тізімін оқырман назарына ұсынады.

Джонатан Рейс

Британдық Джонатан Рейс өте табысты әрі танымал бизнесмен болатын. 35 жасында миллионер атанды. Ол өлер алдын әкесінің бизнесін 45 млн долларға сатып жіберген. Негізі әкесінің бизнесін сатқан Джонатан өз ісін әрмен қарай жалғастырса табысы тіпті артар еді. Жора-жолдастары да, бәсекелестері де осылай ойлапты. Алайда 2009 жылы ол өз-өзіне қол салды. Тіпті өлер алдын хат та қалдырмаған. Жас миллионердің мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны белгісіз. Туыстарының айтуынша, Джонатанға әкесінің инсульт алғаны оған қатты әсер еткен.

Эли Блэк
Блэк табысты америкалық бизнесмен болды. Ол «United Brand» атты компанияны басқарды. Эли Блэктің кәсібі алғашқы уақытта өте сәтті басталған. Себебі ол өте талантты еді, кез келген келіссөзді өз пайдасына асыратын. Өз бәсекелестерінің арасындағы ең қуы да Эли Блэк болды. Бірақ Гондурас президентіне бананды экспорттау үшін 2,5 млн доллар көлемінде пара берген кезден бастап оның өмірі күрт өзгерді. Оның былығы әшкере болған соң, масқаралыққа шыдай алмаған 53 жастағы Эли Блэк өз-өзіне қол салды.

Кристофер Фостер

2008 жылы танымал кәсіпкер өзінің қызы мен әйелін өлтірді. Кейін үйімен бірге өзін де өртеп жіберген.
Бизнесменнің мұндай қатыгездікке баруына сот отырысы себеп болған. Сот отырысында табысты бизнесменнің көк тиынсыз қалуы мүмкін екені айтылдц. Себебі оның Ulva компаниясы құрдымға кетіп, банкрот болып, қарызға белшеден батқан. Сот оған 4 млн доллар айыппұл салды. Сондай-ақ бизнесменнің мал-мүлкін тәркілемек болады. Оның үйі 2,4 млн долларға бағаланыпты. Осы жайттан кейін оның жүйкесі сыр беріп, ашу-ызамен әйелі мен қызын өлтірген. Кейін өз-өзіне қол салған.

Джон Лоуренсон

Танымал бизнесмен 1,8 млн долларға бағаланған үйде тұрған. Ол өте бай және сырттай бақытты болып көрінді. Иә ол өте бақытты еді. Тек өзінің сүйікті әйелі қатерлі ісікке шалдыққан. 47 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылар Мексикадан тапсырыспен алынған затқа уланып өлген. Лоуренсон өлер алдында хат қалдырып кетіпті. Ол хатында, әйелінсіз бір сәт те өмір сүре алмаймын деп жазған. Сол себепті ол өз әйелімен бірге өлуге шешім қабылдапты.

Хуберт Боуместер

Атақты банкир Нидерландиядағы «ABN Amro» банкі директорлар кеңесінің мүшесі болған. Ол 49 жасында өзінің басынан атып, өмірден өтті. Банкирдің мұндай қадамға баруына жұмыстан айырылуы себеп болыпты. Ол жұмыс істеген банк бакротқа ұшыраған соң «Artemis Assets Management» компаниясында жұмыс істеген. Алайда өлер алдында бұл компаниядан шығып кеткен. Өлер алдындағы хатында «мен бұлай өмір сүре алмаймын», деп жазған.
P/S: Ал енді өмірдің мәні деген не? Өмірде байлықтан да маңызды дүние бар. Оны әркім әрқалай түсінеді. Біреуіңіз отбасыңызды, енді біріңіз ата-анаңызды өмірдің мәні деп түсінесіз. Бірақ бұл маңызды дүниелердің де жоғалатын кезі болады емес пе?! Ал сіз ойлап жүрген өмірдің мәні бір күні болсын із-түссіз жоқ болатын болса не істейсіз? Өміріңіздің соңына дейін өлмейтін, өшпейтін маңызды дүние бар ма?

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *