Елбасы әйелдер қауымын, мерекесімен құттықтады

1551936694_article_b_1500_Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 Наурыз — Халық­аралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» атты дәстүрлі кездесуде барша қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады.

Жиынға әр салада елеулі еңбек етіп, табысқа жетіп отырған нәзік жандылар мен көпбалалы аналар қатысуда. «Ананың құдыреті шексіз. Ана алдында бүкіл дүние бас иеді. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына жаулығын тастағанда, соғыс тоқтап, екі тарап бітімге келген. Біз дәстүрін сақтап, әйелді сыйлап келе жатқан халықпыз. Ана деген сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек, толқымайтын көңіл болмайды. Мемлекетіміз көпбалалы аналардың жағдайын жасау үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр. “Нұр Отан” съезінде айтылған менің тапсырмаларымды білесіздер. Олардың көбі жылдың ортасынан басталса, келесі айдан бастап көпбалалы аналарға, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіле бастайды», деді Елбасы өз сөзінде.

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *