Емшіге – ел разы

image001Айжангүл Рахимова,
Хромтау қаласы:

Бала кезімнен экзема деген диагноз қойылды. Қаншама мәрте дәрігерлерге қаралдым, ешқандай нәтиже болмады. 2006 жылы қатты науқастандым: әуелі екі алақаныма шыққан экзема кейін бүкіл денемді басып кетті. Сонда дәрігерлер: «біз сізге көмек көрсете алмаймыз, шетелге барып емделуіңізге тура келеді» деп ауруханадан шығарып жіберді. Қаншама емшіге де бардым, бірақ бәрінің емі қонбады. Оған дейін қаншама жыл қиналдым. Қолым іріңдеп кететін. Қыста қолғап кие алмаймын. Содан 2006 жылы Жанарыс ата Жақсылықұлына келдім. Сәтін салып келгеніме қуанамын. Жылдар бойы жанымды да, тәнімді де мазалаған аурудан Жанарыс атаның емінің арқасында 10 күннің ішінде жазылдым. Ем ретінде қабылдауға берген кремін, шампунын, сабынын күнделікті пайдаландым. Алла қалап, қазір шүкірмін, денсаулығым жақсы. Атаға шексіз разылығымды білдіремін. Сол кісінің батасының арқасында өмірім жақсылыққа кенелді. Үй алдым, үш қызымнан кейін ұлды болдым, жұмысқа тұрдым. Тоқетері, Жанарыс атаның шапағаты арқасында отбасымыз бақыт құшағына бөленді.

Аралбай Бершіков,
Орал қаласы:

Әуелі емші Жанарыс Жақсылық­ұлына өзімінің бел омыртқамның арасынан ет өсіп шыққанын, сүйектің қажалғанын айтып барған едім. Атаның ем-домының арқасында атал­ған аурудан ғана емес, мазалап жүрген асқазан, бүйрек ауруларынан, аяқтың сырқырауынан түгелдей жазылдым. Құдайға шүкір, қазір тәуірмін.
2016 жылдың қазан айында ұлым Әли дүниеге келді. Дәрігерлер баламның сол жақ бүйрегі дұрыс жетілмегендігін айтып, операция жасап, алып тастау керектігін айтты. Екі айдан кейін балам судоргысы ұстап, аурухананың жан сақтау бөліміне түсті. Содан Жанарыс атаға қарай құстай ұштым. Атаға бар жағдайды айтып, баламды ажалдан арашалап қалуын сұрадым. Үйге келсем әйелім ботадай боздап отырып дәрігерлер ешқандай көмек көрсете алмаймыз дегенін айтты. Дәрігерлерге өтініш жасап, Әли жатқан палатаға Жанарыс атаның өлең дискісін бас жағына қойып, әйелім баланың маңдайына ата берген кремді жағып шықты.
Ертеңіне дәрігерден баланың жағдайын сұрап едім, тамақ ішіп жатқанын айтты. Біртіндеп балам комадан шығып, өзі тыныс алатын жағдайға жетті. Құдайға шүкір, қазір балам өсіп келеді. Сондықтан Жанарыс ата Жақсылықұлы Еңсеповке айтар алғысым шексіз. Бір тілегім қадірлі.

Алтын Итешова,
Ақтөбе қаласы:

2004 жылға дейін геморой ауруымен 24 жыл, омырау ауруымен 24 жыл , гайморитпен 14 жыл алыстым. Бас ауруы да көп жыл бойы мазалады. Аяқ сырқырап, бүйрегімде ұсақ тастар пайда болып, зат көтергенде қатты ауыратын. Бронхит және бар. Қысқасы, аурулар әбден меңдегенді. Міне осындай аурулар жиынтығынан Жанарыс атаның емінің арқасында біржола құтылдым. Ата мәңгі жасасын.

Жанаргүл Алиева,
Ақтөбе қаласы:

Мені көп жылдар бойы ауру мазалады. Әуелі сол жақ өкпеме су жиналды. Дәрігерлерге қаралдым, олар укол салып емдеді. Содан кейін Ақтөбеде сол жақ өкпеме операция жасады. «Бір айналғанды шыр айналдырады» дегендей, содан соң бүйрегімнің тұсынан шишка пайда болды. Дәрігерлер рентгенге түсіріп тексерді. Омыртқа сүйек тубуркулезі деген диагноз қойды. Содан он ай емделдім. Алматы қаласында бір жылда үш рет операция жасады. Еш нәтиже берген жоқ. Балдақпен жүрдім, беліме корсет кидім. Бірінші топ мүгедектігіне шығарылдым. Дертіме дауа таппай қиналып жүргенімде Жанарыс ата туралы естідім. Атаның алдына еңкейіп, бүктетіліп, қиналып, шаршап жеттім. Бойым шөгіп, кішірейіп кеткен еді. Атаның емінен кейін еңсемді көтеріп, тамаққа тәбетім ашылып, адам қатарына қосылдым. Қазір анадан қайта туылғандай күйдемін, денсаулығым жақсы болды. Ауру атаулыдан жазылдым. Жанарыс атаға алғысым шексіз. Мәңгі жасасын.

Айнагүл Төлеуова,
Ақтөбе қаласы:

20 жыл аурып жатып қалған едім. Ауруыма дұрыс диагноз қойылмай, бармаған жерім жоқ. Дәрігерлерден дертіме шипа табылмады. Бір өкпе түгел кеткен. Екінші өкпем жартылай кеткен өкпеме 25 жылдан соң ем қонды. Жанарыс Жақсылықұлының арқасында емделіп шықтым. 25 жыл қиналған едім. Екі өкпем де жазылды. Атаның ем-домынан кейін мені дәрігерлер өзінің арнайы тіркеуінен алып тастады. Бүгінде Құдайға шүкір шауып жүрмін. Халық сүйіктісі Жанарыс Қыдыр Ата – Мектеп атаға бақытты да баянды өмір тілейміз.

Маргарита Дузенова,
Қостанай қаласы:

Сәлеметсіз бе Кыдыр Ата! Кыдыр Атаның сүйікті ұлы Жанарыс Ата!
Мен Дузенова Маргарита Тасқожақызы 2015 жылдан бастап Ақтөбеге, Кыдыр Атаның шаңырағына барып жүрмін. Менің қуанышым ішіме толмайды, Қыдыр Ата шаңырағы туралы маған кұдашам айтты, ол да бір Алланың себебі деп ойлаймын. Бірнеше жыл бұрын ауырып жүретінмін, бірақ маган диагноз коя алмайтын. Оң бүйірім ауыратын, дәрігер сөзі – сізде аппендициттің созылмалы ауыр түрі анықталды деді . Мен интернеттен Жанарыс Атаның суретін алып, күнде кешке сұрайтынмын. Бірінші Алла, Алла, Алла сосын Аташым көмектесші. Бірнеше күннен кейн менің түсіме кірді, бір қарт кісі ақ киімді оң бүйірімді бұрап жұлып алды, ол ем екен. 31 мамырда 2015 жылы Жанарыс Атамыздың туған күніне барып, алдына шығып бәрін айттым. Жылына 4 рет баруға тырысамыз. Аурухана дегенді ұмыттық .
Сол үшін өте ризамыз Жанарыс Атаға, бізге осындай тәрбие және ем шипа берген үшін.
Күздің күндерінде 2018 жылы ауыра бастадым, ауыр жұмыс істегеннен басым айналып жүре алмай қалдым, емханаға барғанда нәтиже еш шықпады.
Кімге өтірік, ал мен үшін шын. Атада үш күнде жазылып шықтым. Жүрегімді нұрға толтырып, тазартылып әрі тазарып үйге келдім.
Мың рақмет Жанарыс Атаға Кыдыр Атаның сүйікті ұлына. Өте Ризамын . Аташым әрқашан касымызда болыңызшы. Атаның шанырағы біз үшін соңғы ҮМІТ аялдамасына айналғандай.
Алладан тілейтінім Қыдыр Атаның шаңырағы әрқашан ашық болсын, мен сияқты жылап келген адамға. Жанарыс Ата тәрбиемен бірге, көп нәрсені бізге түсіндіреді. Жақсылық көргесін Аташым туралы жазғым келе береді .
Менің қалайтыным, Алладан тілейтінім, Жанарыс Атамыз, Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында жүрсе және қарапайым халыққа көмегін молынан тигізсе деймін.
Біздің ең сүйікті Жанарыс Атамыз Алладан тілейтінім сіз аман сау болыңыз әрқашан.

Мирам Уразбекова,
Ақтөбе қаласы:

Біраз уақыт бұрын көлікпен жол апатына түскен едім. Содан бір күннен кейін есімді жидым. Жарақаттан кейінгі – бастың ми энцефалопатиясы, яғни ми шайқалған және қатты зақым түскен. Ми айналып, бас айналып қиынға соғатын, кейін ұзаққа созылатын ауру деген диагноз берді дәрігерлер. Атаның емінен кейін жақсы болдым, ем қысқа және тез қонды. Жұмысқа кірістім. Атаға деген алғысым шексіз!
Бұл – Қадыр Атаға барып жүргенде көрген кереметтердің жүзден бір бөлігі ғана деуіме болады. Күніге ем залына жетпіс адам сияды. Сырттан алғыс айттып шыққан адамдар да көп. Ем – шипа алып, жолдары ашылып жатқан адам санына шек жоқ, олардың бәрі риза және Қыдыр Атаға рақметтері шексіз. Жақында қантар айында Атаға «Халық сүйіктісі» деген үлкен атақпен марапатталды.
Жанарыс ата Жақсылықұлы Еңсеповке жолымды ашу үшін барып жүрмін. Атамен жолықтырған Алла тағалаға сансыз мадақ пен шүкірлер айтамын.
Атаның қабылдауына күніне жүзден аса адам келеді. Әрқайсысының өз тарихы, өз арманы бар. Қасиеті күшті атадан бос қайтқаны жоқ, шипа қонып ауруынан жазылғандардың саны жоқ. Оны алғыс айтып, разылығын білдіріп қайта барып жатқандардан айқын аңғаруға болады. Сондай-ақ атаның батасын алғандардың жолы оңғарылып, тірлігі алға басып, отбасында бақ-береке орнығып, құтты ұяға айналғандарына да сан мәрте куә болдық. Осылайша, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Жанарыс ата халықтың мүддесі үшін қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде қаншама адам ауруынан құлан таза жазылды, жолы ашылды. Келушілердің қатары қалың. Тіпті Ресейден ат шалдырып, арнайы келіп жатқандар бар. Ресейліктер Москва қаласын, парашютпен, қолдарына Қыдыр Ата – Жанарыс Ата мәңгі жасасын деген плакатпен екі – үш рет айнала ұшып, алғысын осылай жеткізіп жатты. Ресейліктер Атанын табиғи қасиетін ерекше бағалап «Киелілік міндет» атты деректі фильм түсірді
Шет елден қаншама шексіз алғыстар айтылып жатыр. Қадірлі Президентімізден Н.Назарбаевтан ақ бата берілсе екен. Халқының құрметіне бөленген Жанарыс атаға елдің ықыласы шексіз. Мен де өзімнің алғысымды білдіремін. Ата мәңгі жасасын!

Орынбек Шарипов,
ҚР құрметті азаматы.
Еңбек Ардагері.
Астана қаласы

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *