Соғыс қолтаңбасы

Valaam_-696x523Otdyh-v-puti-648x420

Rasskaz-o-medalyah

Opalennye-vojnoj-696x471

Neizvestnyj-soldat-681x420

TSena-nashego-schastya-768x489

Vozvrashhenie-s-progulki-768x499Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Совет қалаларында қайыр тілеген мүгедек адамдар қаптап кеткен. Олардың басым көпшілігі соғыс ардагерлері еді. Қалалардың көркін кетірген тіленшілер тобы қызыл көсемдерге ұнай қоймаған.

1952 жылы Ладож көлінің солтүстігіндегі Ваалам аралында мүгедектер интернаты ашылады. Аты интернат болғанымен бұл абақтының бір түрі еді. Ваалам – инетрнеаты Ішкі істер министрілігінің қарауында болған. 1950-жылдары Одақтың барлық жерінен бір түнді осы жерге қайыр тілеген мүгедек жандарды шоғырландыру басталды. Шытуайтында оларды еркілерінен тыс Вааламға қоныстандырды. Бала-шағасы бар я болмаса қарайтын адамы бар бейбақ майдангерлерді де аралға зорлықпен апарып қамаған. Олардың соғыстан кейінгі өмірлері азаппен өтті.
1954 жылы 29 ақпан күні ІІМ басшысы Круглов №06778 құжатта «біздің жүргізген шарамызға қарамастан ірі қалаларда, ірі өндіріс орталықтарында алақан жайған қайыршылар қатары сейілмей тұр», деп Маленков пен Хрущевқа баяндаған. 1951 жылдың екінші жарты жылдығында 107 766 адам, 1952 жылы 156 817 адам, 1953 жылы 182 342 адам ұсталды деп жазылған мемле­кеттік құжатта. КСРО-да социализммен бірге қайыршылық та қатар өскен. Милиция ұстаған мүгедек қайыршылардың 70 пайызы фашизмге қарсы соғысқан жауынгерлер еді. Осылайша коммунисттік партия басшылары елдегі қайыршылықпен «соғыс ардагерлерін ұрлау операциясы» арқылы күресті.
Қызыл террордың бұл қылмысын ашқандардың бірі – суретіш Геннадий ДОБРОВ. 1974 – 1980 жылдары салынған «Соғыс қолтаңбасы» атты циклында соғыстан кейінгі өмірін тозақта өткерген майдангерлер портретін салып шыққан. zhasalash.kz 9-мамырға орай суретшінің сол еңбектерін оқырмандарына ұсынады.

Қанат Тілеухан

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *