Көрші елге экспортталатын өнім көбейіп келеді

2019_05_13_kitay-10Экспорттық әлеуеті артып келе жатқан салалардың ішінде еліміздің аграрлық секторын ерекше атап өтуге болады. Біріншіден, көлемі жағынан өсімдік пен мал өнімдері және дайын азық-түлік тауарларының үлесі жалпы экспорттың 5 пайызын құрайды. Екіншіден, 2018 жылы бұл саладағы экспорттың өсімі 27 пайызға көтерілді. Сөз жоқ, бұл жақсы көрсеткіш.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарлары шетелдерде, әсіресе көршілес Қытай нарығында жоғары сұранысқа ие. Таяуда Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева журналистерге бейнесұхбат беріп, отандық ауылшаруашылық өнімдерін Қытай еліне экспорттау барысы туралы сауал-дарға жан-жақты жауап берген болатын.
– Қытайдың қазақстандық өнімге қызығушылық танытып отырғаны бұған дейін екі елдің Мемлекет басшыларының, Үкімет басшыларының деңгейінде бірнеше рет айтылған. Қытай тарапы біздің өнімнің экологиялық таза, ор-ганикалық өнім екенін, сапа мен қауіпсіздікке қатысты халықаралық нормалар сақталатынын ерекше бағалап, бұл туралы үнемі айтып келеді. Өнімді жеткізу жолдары ыңғайлы, логистика мәселесі шешілген, – деді Г.Исаева.
Осы сұхбатта айтылғандай, көрші елге ауыл шаруашылығы өнімдерін экс-порттау динамикасы жыл санап өсіп келеді. Мәселен, 2015 жылы 111 миллион доллардың тауары экспортталса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 134 миллион долларға, 2017 жылы – 180 миллионға, 2018 жылы 258 миллион долларға жеткен. Биылғы алғашқы 2 айдың өзінде 45 миллион доллардың өнімі экспортталды.
Министрліктің деректері бойынша, Қазақстан Қытайға 113 түрлі өнім шы-ғарады. Ең көп экспортталатыны – бидай, оның экспорттағы үлесі 38 пайыздан асады. Өсімдік майы, майлы дақылдар, ұн және балық, тағы басқалары да көп тасымалданады.
– Былтыр бірінші рет қой еті мен бал экспорттадық. Меніңше, көрші елге шығарылатын өнім түрлерінің көбеюіне соңғы үш жылда ветеринарлық және фито­санитариялық сертификат­тардың 13 түрін қабылдауға келіскеніміз ықпал етті. Қытайлықтардың айтуынша, әлемде бізден басқа бірде-бір елмен мұнша-лықты көп құжатқа қарқынды түрде қол қойылмайды, – деді вице-министр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылық өкілдері қазақстандық делега-цияның құрамында Бейжіңде өткен ІІ «Бір белдеу, бір жол» халықаралық фору-мына қатысқаны белгілі. Форум аясында Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбек бастаған қазақстандық делегация Қытайдың Бас кеден басқар-масының басшысымен кездесу өткізген еді. Г.Исаева:
– Осы келіссөздердің барысында біз сүт өнімдерін экспорттау мәселесін де талқыладық. Қазіргі таңда еліміздегі көптеген сүт өнімдерін шығарушы кәсіп-орындар жаңғыртылып, халықаралық стандарттарға сай өнім шығара бастағанын білесіздер. Шикі сүт те талаптарға толық сай келеді. Қазір қытай-лық тараппен сүт өнімдеріне қатысты ветеринарлық талаптар хаттамасын жасау туралы келістік, ол құжатты дайындау жұмыстары аяқталуға жақын, – деді Г.Исаева. Вице-министрдің айтуынша, аталған құжатқа алдағы маусым айында екі елдің Үкімет басшылары қол қояды деп жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда елімізде ҚХР-ға өнім шығаратын 217 кәсіпорын бар. Жуық арада бұл қатарды ұн тартатын 30 кәсіпорын, ет өңдейтін 4 кәсіпорын толықтырады. Майлы дақылдар экспорттау да қарқын ала түсуге тиіс. 20 аграршы зығыр мен бұршақ сатуға ниет білдіріп отыр.
– Мақсары мен жасымық экспорттауға қатысты да алдын ала келісім бар. Маусым айында қытайлық инспекторлар келіп, кәсіпорындардың жұмысымен танысады деп жоспарланып отыр. Егер басқа да дақылдар экспорттағысы келе-тін компаниялардан өтініш түссе, біз инспекция ұйымдастыруға дайынбыз, – деді вице-министр.
Бұған дейін ветеринарлық талаптар­ға қатысты келісімдердің жоқтығына байланысты Қытайға ет экспорттауда бірқатар кедергілер бар еді. Вице-министр «Бір белдеу, бір жол» халықа­ралық форумы аясындағы келіссөздер барысында ет пен ет өнімдерінің ветеринарлық сертификатына алдын ала қол қойылғанын айтты.
– Бұған дейін ет экспорттау сатылап жүргізілетін. Алдымен қандай да бір ет өніміне хаттама алынады, сосын ол келісіледі, сертификат талаптары орындалады, содан кейін ғана өнім экспортталады. Былтыр қой еті солай ветеринарлық сертификат мақұлданғаннан кейін ғана жіберілді. Биыл да сиыр етін осы бағытпен экспорттауды жоспарлап отырған едік. Алайда, қытайлық әріптестеріміз басқа жолды ұсынды. Сөйтіп түрлі ет өнімдеріне қатысты ортақ сертификат әзірледік, онда өнімге қойылатын барлық талаптар қарастырылды, – деді Г.Исаева.
Өткен жылдың соңында ел Үкіметі Қазақстан тауар экспорттайтын елдердің тізімі 119-ға жеткенін, экспорт көлемі 60,9 миллиард долларды құрағаны туралы хабарлаған болатын. Бізден ең көп тауар алатын мемлекеттердің ішінде Ресей мен Еуроодақтан кейінгі үшінші орын осы Қытайға тиесілі екенін айта кетейік. Қытай елі негізінен астық тұқымдастар, бақша өнімдерін, май өнімдерін, бұршақ тұқымдастар, көкөніс, жеміс-жидек алады. Былтыр экспорт-талған АӨК өнімдерінің ауқымы 3 миллиард доллардан асып, мақсатты меже-нің 23 пайызға асыра орындалуына Қытай нарығымен арадағы байланыс біршама ықпалын тигізді деуге болады

Арнұр АСҚАР

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *