CAWEP бағдарламасы су мәселесін шешуді көздейді

Кеше Еуроодақ пен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы су және энергетикалық қауіпсіздікті нығайту шараларын қолдауға 7 миллион еуро грант бөлу туралы келісімге қол қойды. Аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі мақсат – Орталық Азия елдеріне білім алмасу, зерттеу жұмыстары, жобалар дайындауда кеңес беру арқылы су және энергетика қауіпсіздігін нығайту саласында қолдау көрсету.

− Орталық Азияда су және энергетика ресурстары білінбейтіндіктен, осы ресурстарды бірге реттеу – аймақтың орнықты дамуында, кедейлікті қысқартып, климат згерісіне қарсы тұру қабілетін нығайтуда шешуші мәнге ие. Еуроодақ CAWEP-ке үлес қоса отырып, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелерінде елдердің аймақтық диалогы мен зара ба-йланысын кеңейтуге ықпал етеді. Бұл оларға тұрақты инвестиция мен әлеу-меттік-экономикалық дамуға арналған жағдайларды жетілдіруге көмектеседі, – деді Қазақстандағы Еуроодақ делегациясын басқарушы, елші Свен-Олов Карлссон. Оның айтуынша, Орталық Азиядағы экономикалық даму, халық санының суі, қалалардың су үрдістері мен табиғи апаттарға апарып соғатын климаттың згеруі суға деген сұраныстың артуына ықпал етуде. Егер елдер суды пайдалану саласын-дағы қазіргі саясаты мен тәжірибесін згертпесе, су тапшылығы аймақтың экономикалық дамуын бәсеңдетуі мүмкін. − Климат згеріп жатқанда, су ресурстарын ұтымды пайдалану әлемдегі басқа елдермен салыстырғанда Орталық Азия мемлекеттері үшін айтарлықтай дивидендтер әкеле алады. Біздің бағалауымызша, суды пай-даланудың қалыптасқан үлгісі болашақта Орталық Азияның экономикалық дамуына шешуші ықпал етеді, – деді Орталық Азиядағы Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчук. Айта кетерлігі, су ресурстарын басқару саласындағы тиімді стратегиялар мен инвестициялар, қазіргі таңда осы мәселелерді шешуге жұмсалып жатқан экономикалық шығындардан арзан түсуі мүмкін. CAWEP бағдар-ламасы болашақта су-энергетика ресурстары қауіпсіздігін әрі қарай арт-тыру үшін Орталық Азия елдеріне техникалық сараптама ұсынуды, аналитикалық және инвестициялық қолдау крсетуді жалғастыра береді. Қазақстанда CAWEP бағдарламасы шеңберінде техникалық зерттеулер жүргізіліп, Арал теңізін қалпына келтіруге ықпал ететін жаңа инве-стициялық жобаларды жасауға қолдау крсетіледі. Еуроодақ үлесімен бірге, бағдарламаға Швейцария үкіметі мен Ұлыбританияның Халықара-лық даму департаменті көмек көрсетеді.

Еркежан АЙТҚАЗЫ

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *