Доллар қымбаттап барады

2019_06_06_dollar-bagamyKASE таңғы сессиясында доллар бағасы 1,27 теңгеге қымбаттап, 383,83 теңгеге көтерілді. АҚШ долларының қымбаттауын Ұлттық банк қана тоқтата алады: Бұл – интервенция. Себебі бұл жолғы қымбаттауға сыртқы факторлар көп әсер етуде.

Қаржыгер Ерлан Ибрагимнің пайымдауынша, АҚШ мұнайлы елдерді сабасына түсіргісі келетін амбициясын байқатты. Оның тырнағына ілінген Қатар, Иран, Ресей – мұнай экспорттаушы елдер. Бұл елдерді әлсірету үшін мұнай бағасын құлату керек. Одан бөлек, АҚШ президенті үшін мұнайды арзандату Мексикадан келетін мигранттардың жолына тосқауыл және талай сыннан өт-кен сенімді жол.
Ұлттық банктің мәліметінше, ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақ-тылығына Ресей рублінің нығаюы, АҚШ ФРЖ риторикасының пайыздық сая-сатқа қатысты жұмсаруы әсер етті. Ал ішкі факторларда төлем балансы оң нәтиже көрсетіп, ағымдағы шоттың профициті 2 тоқсан бойы теңгенің нығаюына себеп болып отыр екен. Соған қарамастан, сарапшылар «Ұлттық банк «жасырын» интервенция жасауы да мүмкін» деген болжамды жоққа шы-ғармайды. Себебі сайлау алдында ұлттық валютамыздың тербеле бергені Ұлттық банкке де, Үкіметке де тиімсіз. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев валюталық бақылаудан әлі бас тартпағанын осыған дейін де айтқан. «Ұлттық банк валюталық нарықтың жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізуді жалғастырады және қажет болған жағдайда қаржылық тұрақтылыққа қауіп тудырмау үшін қажетті шаралар қабылдайды», деген Ұлттық банктің баспасөз қызметі саяси науқанды валюталық саясатқа айналдырмауға шақырады. Сонымен бірге жекелеген сарапшылардың арандатушылық бақылауына және болжамдарына ермеуді, тәуекелді алыпсатарлық операцияларды жүзеге асырмауды ескертеді.
Сайлаудан кейін теңге бағамының қалай өрбуі мүмкін екенін Ұлттық банк басшысының орынбасары Олег Смоляков айтты. «Теңге бағамы күн сайын өзгеріп отырады. Сайлаудан кейін айтарлықтай ауытқу болуы мүмкін емес», дейді ол.
Қаржыгер Е.Ибрагим Ұлттық банк 2014-2015 жылдардағыдай бір күнде 10-20% девальвация жасауға шешім қабылдамайтынын кесіп айтты. Мұндай шешім кезінде өзін-өзі ақтағанмен, қазір өзектілігін жойып алды. Халықтың бір күнде бар-жиған тергенінен айырған девальвацияны бұл жолы күн сайын бір-екі теңгелеп бағамды түзету арқылы тежеп , теңгенің тынысына қосымша оттегі беріп отырғаны байқалады.
Теңгенің қазіргі бағамы доллармен қатынасында 380 теңге айналасында екеніне күмәнмен қараушылар көп. Өйткені бірнеше аптадан бері қайта-қайта тербеліп кетті. Ұлттық банк теңге бағамын біртіндеп көтеріп, девальвация тетіктерін қалыпты жағдайда реттеуі мүмкін.
«Мысалы, 2018 жылдың осы мезгілінде 1 АҚШ доллары 339-341 теңгенің айналасында болатын. Қазір 384 теңгеге жақындап, бір жылда 40 теңге салмақ қосып алды. Бұған ешкім назар аударып жатқан жоқ. Бұл шешім алдағы бірер жылға дейін өзін-өзі ақтайды», дейді Е.Ибрагим. Бірер күн бұрын АҚШ-тың Иран мәселесі бойынша арнайы өкілі Брайан Хук Иран мұнайын импорттайтын елдерге Вашингтон кешірім бермейтінін тілге тиек етті. Бұл инвесторлар үшін жақсы жаңалық болмағаны уақыт өтпей-ақ сезілді. Өткен аптада баға 6 пайызға дейін арзандады. Ал бүгінде Брент бағасы тіпті 61,26 долларға дейін арзандап отыр.
Мұның бәрі, әрине доллар-теңге қатынасына тікелей әсер етіп жатыр. KASE-дегі таңғы сессияда максимум көрсеткіш 384 теңгеге дейін жеткен. Бұл аб-солютті рекордтан 0,5 теңгеге арзан.
«Валюта нарығындағы мұндай құбылмалы жағдай девальвация туралы дақпырт әңгімеге жол бермей ме?» деген сұрақ туады.
«Бренд сұрыпты мұнайдың баррелі 50 АҚШ долларынан жоғары. Рубль қымбаттауда. «Мұндай жағдайда Ұлттық банкке ұлттық валютаны қысқа мер-зімді депозиттерге салған салымшыларға төлейтін қаржы көзін қымбат мұнай есебінен қор жинап, қосымша күш алу тиімді» деген пікірді апта басынан бері біраз адам айтып жатыр. Қаржыгер Әнуар Үшбаев бізге бұл фактор да ескіріп қалғанын айтты. Ұлттық банкке қысқа мерзімді депозиттер үшін берілетін өтемақыны сырттан іздеуге қажеттілік жоқ.
Елдегі саяси науқан басталғалы теңге бағамы туралы түрлі болжам айтылып келеді. Соның арасында сайлаудан кейін доллар біртіндеп қымбаттауға тиіс деген жорамал да бар. Оның себебін транзиттік кезеңмен байланыстырады.
«Қазіргі таңда ішкі жағдай да, сыртқы жағдай да ұлттық валютаға қарсы ойнап тұр. Бұл, әрине, валюта нарығындағы пессимизмді одан әрі өсіре түспек» дейді Е. Ибрагим.
Қазақ валютасының жиі-жиі тербеле беруі іргедегі қырғыз валютасына соншалықты әсер ете қоймайтыны осыған дейін де байқалған еді. 2015 жылдан бері қазақ теңгесі 30 пайыз құнсызданған кезде қырғыз сомы құнын тек 5 пайызға ғана жоғалтқан. Қырғыз Ұлттық банкі осыған дейін валюталық тербе-лістерге кенеттен жол бермеуге берген уәдесін орындады. Соңғы 10 жылда қырғыз сомының кенеттен құнсызданғанын көрген жоқпыз. Бұл процесс біздің елдегідей кенеттен емес, халықтың тұрмысына немесе базардағы бағаға бірден әсерін тигізбейтіндей эволюциялық жолмен жүргізілді.
Қазір АҚШ-тың долларға қатысты саясаты өзгерді. Бұл ел экономикаға ақша салуды азайту арқылы доллардың құнын өсіруді көздеп отыр. Бұл «доллар қымбаттайды» деген ұғымды білдіреді. Сарапшылар мұндай жағдай әлемдік экономиканың баяулауына және дүниежүзінің долларға деген тәуелділігінің артуына әкеліп соғады деп отыр. Экономикасының 60 пайызы АҚШ долларына тәуелді біздің ел үшін мұның қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Сарапшылар кез келген бір елдің алтын-валюта қоры азайған сәтте, ұлттық валютасы құнсызданады деген тұжырымға басымдық береді. Ал бізде керісінше, алтын-валюта резерві өсім беріп отыр. Демек жыл аяғына дейін девальвация болады деп даурығуга негіз жоқ.
Сондай-ақ экономикамыз Ресейге байланып тұрған жоқ. Рубльге қатысты доллар бағамы 42-44 рубльге түсіп кетсе ғана алаңдауға болады. Бізде алтын-валюта қоры жеткілікті. Қолма-қол ақша айырбасы алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда 4%-ға қысқарды.
Қаржыгер Ә.Үшбаев долларға деген қажеттілік байыпты жолмен өтелсе, жұрт сабасына түсетінін айтады. Ресейге бағытталған санкциядан ешкім алдын-ала сақтана да, сақтандырыла да алмайды. Сондықтан девальвация болады деген әңгіме валюта трейдерлеріне ғана тиімді.
Қазір Үкімет пен Ұлттық банк долларға тәуелділікті азайту тетіктерін қарастырып жатыр. Сарапшылар біздің елмен салыстырғанда бұл тетіктің Ре-сейде әлдеқайда мықты екенін айтады. Үкімет ұлттық экономиканың теңгелік сипатын арттырмайынша, девальвацияға қатысты дәйекті-дәйексіз ақпараттың қысымынан құтыла алмаймыз, дейді Ә.Үшбаев.
Е.Ибрагим Ресейдің ЕО елдеріне экспорты 13%-ға, ал ЕО-ның Ресейге экспорты 8%-ға қысқарғанын айтты. Бұл Ресейдің ғана емес, ЕО елдері эко-номикасының баяулауына әкеліп соғады. «Кезінде біз қоғамның шетел валютасына деген махаббатын шектен шығарып алдық», дейді ол. Осы тұста қаржыгер экономикадағы барлық үдерістің ретсіз, қандай да бір фактордың әсерін тікелей бағалау мүмкін емес екенін айтады. Елдің әлеуметтік жағдайына әсер ететін шешімдер қабылданар тұста билік, құзырлы орындар мен қоғам арасында ақпараттық соғыс басталады. Бүгінгі ақпараттық соғыс қаржы трейдерлерінің пайдасына жұмыс істеп жатыр.
«Билік пен қоғам арасындағы ақпараттық соғыста жеңісті биліктің қолынан жұлып алатындар да солар. Бұдан кейін Үкіметтің теңге бағамы немесе долларсыздандыру туралы айтқанына ешкім сенбейді. Теңге бағамына қосымша күш беріп отырған индикатор – ШОБ бізде әлсіз. Сондықтан валютамызды тұрақтандыру үшін Ресей рублімен де, өзбек-қырғыз сомдарымен де тепе-теңдік ұстап отыру маңызды», дейді сарапшы.
Қазақ теңгесінің жиі құбылуы қырғыз ағайындарға да әсер етіп жатқанын әлеуметтік желі мен БАҚ арқылы хабардармыз. Жаз маусымында қырғыз сомының «шырайы» кіріп қалатыны талай жылдан бері байқалған жайт. Туристік маусым кезінде қырғыз сомы теңге ғана емес, рубль мен долларға да дес бермей кетеді. Ал қыркүйек-қазан айларында 5-10 пайызға дейін «әлсіреп» қалады екен.
«Бұл жолы қырғыз сомының қаншалықты деңгейде «әлсірейтінін білмейміз. Себебі оның бағамына әсер ететін фактор көбейіп кетті», дейді қаржыгер Бей-сенбек Зиябеков.
Шетелдік сарапшылар қырғыз сомының девальвациялануына мүдделі тараптар бар екенін ашып айта бастады. Олардың пайымдауынша, қырғыз билігі ішкі жағдайдың көңіл күйін бұзбау үшін доллар бағамын 70 сом дәлізінен әрі асырмай отыр.
Б.Зиябеков екі елде қаржы саласына қатысты міндетті түрде қайталанып отыратын дәстүрлі құбылыстың қалыптасып қалғанын айтады. Қазақ жағы валюта бағамын кенеттен теңестіріп жіберсе, қырғыздар сомын тағы да еркіндікке жібереді екен. Осыған байланысты экономистер қандай уәж айтарын білмей, дал болып отыр. Бірі бұл қырғыз экономикасына кері әсер етіп отырған қолайсыз коньюнктура деп жатыр. Олардың пайымдауынша, мұндай тренд ішкі және сыртқы сауда айналымына теріс сальдо қалыптастырып отыр екен. Мұндай бағыт жылжымайтын мүлік нарығының тоқтап қалуына да ықпал ететін көрінеді.
Қазақстанның да, Ресейдің де ұлттық валюталарының тұрақтылығына қырғыздар мүдделі.Ал қырғыз сарапшылары болса «шетелдіктердің күткен де-вальвациясы Қырғызстан 2015 жылы ЕАЭО-ға мүше болып қабылданған кезде болуы мүмкін еді. Бірақ ресми Бішкек еуразиялық интеграцияның идеясын емес, Қырғызстанның мүддесін жоғары қойыпты. 2015 жылы қырғыз сомы де-вальвацияның біздегідей кенеттен емес, жанға жайлы түрін таңдап алған. 2016 жылы қырғыздың Ұлттық банкі қырғыз сомына интервенция жасап, 175 млн АҚШ долларын айналымға жіберді. Тек қыркүйек айында 6,8 млн АҚШ доллары арқылы қосымша қоректендірді. 2015 жылдан бері қырғыз сомына деген сенімділіктің азайып келе жатқаны байқалады. 2015 жылға дейін қырғыз банктеріндегі шетелдік валюта түріндегі депозит 16 пайызға артып, 56 пайыз болса, қазір 72 пайызға жетіпті. Бұл фактор қырғыз экономикасына кері әсерін тигізді. Себебі ЕАЭО нарығына тауар шығарып отырған қырғыз экспорттаушы-лары бәсекеге төтеп бере алмай қалды. «Бұл фактор қырғыз нарығына кері әсер етіп жатыр» деген пікірді енді қырғыз сарапшылары да айтып жатыр.
Осыған байланысты қырғыздың ұлттық валютасы 2019 жылдың аяғында өзгеріске ұшырауы мүмкін. Қырғыз сомының долларға қатысты шекті бағасы-ның қандай болатыны сол кезде белгілі болады.

Гүлбаршын САБАЕВА,
Алматы облысы

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *