Сот жүйесінде елеулі өзгерістер бар

2019_07_10_024737939200Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырудағы негізгі он бағытты жариялаған болатын. Қоғамның көптен бергі идеялары мен ұсыныстары көрініс тапқан осы жоспардың үшінші бағыты сот жүйесін қамтыды.

Білікті кадр – үлкен істердің бастауы
Қ.Тоқаев: «Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы – бұл үлкен міндет. Судьялар мен осы қызметтен үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек. Сот – әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу», деп аталған жүйенің алдындағы негізгі міндеттерді атап көрсетті.
Бұл саланы жаңғырту мен Мемлекет басшысы атап көрсеткен міндеттер Қазақ-станның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан хал-қына арнаған әрбір Жолдауы мен елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламаларда көрініс тауып келгені белгілі. Осы орайда, халық сеніміне ие болу мен әділ сот төрелігін жүргізу жолындағы істер Жоғарғы соттың күн тәртібінен түскен емес.
– Елбасының әрбір тапсырмасын абыроймен орындау – біз үшін жауапкершілігі жоғары парыз. Оның үстіне бұл міндеттерді орындау сот жүйе-сіндегі проблемалардың 80 пайызын шешетініне көз жеткізіп отырмыз. Бұл үдеден шығуымыз үшін алдымен заңнамаларды жүйелеп алуды жөн көрдік. Осының нәтижесінде бүгінге дейін Президент Әкімшілігі және Жоғары Сот Кеңесімен бірге 15 заң жобасын әзірледі – 6 заң күшіне енді, үшеуі – Парла-ментте және алтауы Мәжіліске енгізілмек, – дейді Жоғарғы сот төрағасы Ж.Асанов.
Осылайша, үдемелі қарқынмен басталған жұмыстардың алғашқы нәтижелері де көп күттірген жоқ. Оның алғашқы легінде судьялыққа білікті кадрларды іріктеу сатыларындағы жаңашылдықтар тұр.
– Осы кезге дейін мықты заңгерлер судьялыққа ұмтылмайтын. Неге? Өйткені іріктеу мен карьералық өсу ашық емес, жүктеме ауыр, әлеуметтік қамтылу әлсіз деген себептер айтылатын. Мұның бәрі іс жүзінде шешілді. Енді судьялыққа үміткерлер үшін іріктеуді қатайттық – олар кейстік тапсырмаларды шешеді, эссе жазады, Жоғарғы сот судьяларымен әңгімелесуден өтеді, психотест тапсырады және тағы басқа сынақтар бар. Ал осының нәтижесі қандай? Егер бұрын конкурстан әрбір төртінші кандидат өтсе, қазір тек әрбір жиырмасыншы ғана мүдірмей өтеді. «Кездейсоқ» заңгерлерге тосқауыл қойдық, – деп Ж.Асанов қай істің де білікті маман арқылы жанданатынын еске салды.
Міне, осы өзгерістер ендігі конкурстарға мемлекеттік органдар мен бизнес саласынан мықты заңгерлер келе бастайды деген үміт отын ұялатты. Өйткені қазіргі уақытта сот жүйесі жер қойнауын пайдалану, зияткерлік меншік, моно-полиелік заңнама, экология, қаржы, банк, салық салалары бойынша білікті мамандарға зәру.

Қызметінен босатылған судьялар қатары көбейді
Ж.Асановтың айтуынша, сот жүйесіндегі өзгерістер судьялардың қызметтен өз еркімен кетуін тоқтатуға ықпал етіп, судья боламын деушілер санын 2 есе арттырған. Сәйкесінше, сала мамандарының жеке жауапкершіліктері барынша күшейтілген. Дәлірек айтсақ, егер жыл сайын теріс себептермен 6-7 судья лауазымынан босатылып келсе, биылғы 5 айда 20 судья қызметтерімен қош айтысқан. Сондай-ақ бұрындары жылына судьяларға қатысты әрі кетсе орта есеппен бір-екі қылмыстық іс қозғалып келсе, соңғы бес айдың ішінде ғана 7(!) іс қозғалған. Бұл әрине, қуанарлық дерек емес, алайда осы әрбір қылмыстық істің артында әділ сот төрелігін жүзеге асыру мен адам тағдыры тұрғаны анық. Жақып Асановтың айтуына қарағанда, бұндай сорақылықтардың алдын алу үшін биылғы мамыр айында Сапа жөніндегі комиссия құрылған.
– Ол «өсемін» деген судьялардың жеке және кәсіби қабілетін егжей-тегжейлі зерттейді. Комиссия биыл әрбір бесінші судьяны жаңа, «талапшыл» форматта бағаламақ. Жұмысында елеулі кемшіліктерге жол берген судьяның бұл сыннан табысты өтуі екіталай, ал ол қызметтен босатуға әкеп соғуы мүмкін, – деп ой қорытты Ж.Асанов.

Ақтау үкімі сенімге бастайды
Иә, сот жүйесінде ақтау үкімінің көбейе түскендігін ресми статистика көрсетіп отыр. Сонымен, сандарды «сөйлетейік». Ж.Асанов келтірген деректерге қарағанда, елімізде өткен ғасырдағы 80-жылдары түрмедегілердің саны 100 мыңнан асқан. Бүгін одан 3 есе аз – 30 мыңдай. Жоғарғы сот төрағасы мұның екі себебін айтады.
– Бұрын жеке адамға қарсы қылмыстар жиі болатын. 80-жылдары 100 мың қазақстандыққа 10 кісі өлтіру келсе, қазір 100 мың азаматқа 5 адам өлтіру. Екі есе аз. Екіншіден, құқық қорғау органы кімге айып тағады, сот соны кінәлі деп жазалайтын. Кінә жоқ болса да ақтауға батылы жетпейтін. Әрбір 2-ші сотталушыны бостандықтан айыратын. Кеңестік дәуірде сотты құқық қорғау жүйесінің бір бөлігі, жалғасы деп есептейтін бәрі. Сөйтіп бізде «айыптауға бейімділік» ауруы пайда болды, – дейді Ж.Асанов.
Алайда, соңғы жылдары ақтау үкімдері барынша көбейген. Бұл ілгерілеу ел ішінде судьяларды Прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің «нотариусына» айналды деген пікірлерден құтқаратыны анық. Мәселен, 2017 жылы ақтау үкімдерінің үлесі 1,4 пайыз болса, 2019 жылдың 4 айында ғана бұл көрсеткіш 7,5 пайызға жеткен. 111 тұлға сот залында кінәсіз деп танылған. Міне, нақты көрсеткіш осы.
Енді, өткенге аз-кем көз жүгіртер болсақ, бұрынғы кездері азаматтық істер деген ұғым халықтың санасына сіңіспеген еді. Меншіктің бәрі мемлекетке тие-сілі, ал азын-аулақ даулар арбитраждан аспайтын. Жеке адамдардың шағымдары партия органдары, атқару комитеттері мен прокуратура жілікше шағатын. Бұл – сотқа сұраныстың аздығының айғағы.
Ал еліміз егемендік алғаннан кейін нарықтық жүйеге ойыстық. Тиісінше, мен-шік даулары көбейді. Бірақ бастапқыда мұндай істер қылмыс әлемінің серке-лері мен рэкеттердің «еншісінде» болғаны есте. Сол кезде Елбасы «Құқықтық мемлекетте адамды әкім емес, министр емес, Президент те емес, сот қорғауы тиіс» деп шегелеп айтты. Міне, сол сәттен бастап сот жүйесіне баса мән беріліп, маңыздылығы арта түсті.
Қазір соттар істерді тез қарайды. Бұрын соңғы нүкте қойғанша 2,5 жыл өтетін болса, қазір 1 жылдан аспайды.
Тағы бір атап өтерлігі, судьялардың тәуелсіздігіне қатысты әлемдік рейтингте еліміз 139 елдің ішінде 73-ші орында. Халықаралық қоғамдастықтың бұл ортаңқол бағасы судьялар басшылыққа тәуелді деген қорытындыдан шыққан. Сондықтан да Жоғарғы сот бұл мәселені заңнамаларға өзгеріс арқылы шешпек ниетте.

Серік ӘБДІБЕК

Add a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *